қарашада біраз көтеріледі. Бұл ошақтар арнайы обаға қарсы ғылыми зерттеу
институтының тұрақты бақылауында.
Обамен негізінен кемірушілер ауырады да, бұл жануарлар қоздыру-
шының табиғаттағы басты резервуары болып табылады. Кемірушілердің де-
несінде обаның микробы 2-4 айдан 1 жылға дейін сақталады. Әдетте оба ке-
мірушілер арасында індет ретінде байқалып, көктем мен күзде
ең шегіне
жетеді. Кемірушілерге микроб бүрге шаққанда беріледі. Бүргенің денесінде
қоздырушы жылдан артық, an кенеде 5-6 айға дейін сақтапады. Микроб
табиғатта кеміруші-бүрге-кеміруші айналымында беріліп отырады.
Түйе үшін обаның қоздырушысының бастауы табиғи ошақтағы
кемірушілер. Ауру түйеге денесінде қоздырушы бар бүрге
мен кене шаққанда
немесе обамен ауырған кемірушілердің бөлінділерімен ластанған шөпті
жегенде жүғады. Ауырған түйе қоздырушыны мүрыннан аққан сорамен,
сүтпен, несеппен, тастанды төлмен, жарақаттанғанда қанмен бөліп шығарады.
Кейбір деректер бойынша ауру жіті өткенде түйе жазылған соң 30 күн бойы,
ал созылмапы өткенде одан да үзақ уақыт микроб бөліп шығарады.
Адамға
оба түйеден эдетте ауырған малды сойған кезде терісін сыдырғанда, ұшасын
бөлгенде, ауырған түйенің еті мен сүтін тағамға пайдаланғанда жүғады.
Микроб адам денесіне тері арқылы жэне кілегейлі қабықтар арқылы тамшы
тозаңмен енеді. Сонымен қатар, микроб алып жүруші бүргелер
шаққанда да
жүғады.
Оба адамда кенеттен байқалады. Оның денесі қалтырап, ыстығы көтері-
ліп, басы айналады. Беті ағарып, бозғылттанып, көкшіл рең пайда болады.
Онымен
қатар терісі, өкпесі, сөл түйіндері, ікшетері зақымданады. Ауырған
адам жүрек қызметінің әлсіреуінен өледі. Емдеу үшін обаға қарсы қан са-
рысуы мен гамма-глобулинін, арнаулы бактериофагты,
антибиотиктерді қол-
данады. Иммундеу үшін тірі жэне өлтірілген вакциналар пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: