Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет217/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Өтуі мен симптомдары
Жасырын кезеңі 2-14 күн. .Ауру жіті, жітіден 
төмен, созылмалы жэне жасырын өтеді. 
.
.
.
Жіті
өткенде малдың денесі қызынып (40,5-42,2°С), күйзеліп, жемшөп- 
тен қалады. Танау қуысының кілегейлі қабығын қан кернеп, кейінірек сора аға 
бастайды. Ауыздың кілегейлі қабықтарында қызғылтым дақтар, эрозиялар 
пайда болады. Кейіннен ойылып, қызылшақаланып., бетінде сүрғылт түсті 
бүркеніш пайда болады. Ауыздан қоймалжың сілекей ағады. Қаңсарда, танау 
тесігінде, қынапта ойылымды жарақаттар кездесуі мүмкін. Дененің ыстығы 
көтерілген кезде қанда лейкоциттер саны күрт төмендейді. Біраз күннен кейін 
іші өтеді. Іші өту көбінесе бұзауларда байқалады. Нэжісі сүйық, иісі жа- 
ғымсыз, газ көпірщіктері, қан мен жалқақ араласады. Жүні ұйпаланып, үр- 
пиіп, қатпарланып, қайызғақтанып, қабыршақтанады. Жөтел пайда болып
көзден жас ағады. Кейде аяғы ақсап, жануар жатқан жерінен қиналып тұрады, 
жүргенде зорға қозғалып, алдыңғы аяқтарын бір-бірінен алшақ үстайды. 
Түяқтарының арасындағы терісі қолбырап, ойылады. Буаз мал іпг тастайды
диарея 3-4 аптаға дейін созылып, мал шектен тыс арып өледі.
Жітіден төмен
өткенде, дененің ыстығы уақытша көтеріледі, мал күй- 
зеліп, аз қозғалады. Көзге көрінетін кілегейлі қабықтарда іркілген қан кернеуі 
байқалады, ауыздан сілекей, танаудан сора ағып, жөтел пайда болады, атония 
пайда бодады, сауын сиырдың сүті қайтады. Кейде аз уақыт іші өтеді. Ауру 
жітіден төмен өткенде мал негізінен 3-4 күннен кейін жазылып кетеді, бірақ, 
денесінде ұзақ уақыт вирус сақталады.
Созылмалы
өту індеттің қаулауының соңғы кезеңінде байқалады. Ауру- 
дың белгілері өте баяу, кейде 6 айға дейін өрбиді. Ауырған мал арықтап, үне- 
мі ара-түра іші өтеді. Ауыз қуысының кілегейлі қабықтары ойылып, беті 
ірімтіктенген бүркенішпен жабылады. Мүндай аурудың ақыры әдетте сәтсіз 
болады. Вирустық диареяның жасырын түрін тек серологиялық зерттеу 
арқылы анықтайды. Вирустың денесінде үзақ сақталуына байланысты мұндай 
жануарлар ауру қоздырушысының аса қауіпті бастауы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет