Оқулық. Алматы, 518 бет


тұқымдастығының  Pestivirus



Pdf көрінісі
бет215/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

 
тұқымдастығының 
Pestivirus
 
туыстастығына жатады. Щршқа оба- 
сының вирусымен ортақ антигені бар. Шршқа обасына қарсы гипериммунды 
қан сарысуы сиыр диареясының вирусын бейтараптайды.
Ауырған малдың организімінде вирус ішек-қарынның кілегейлі қабы- 
ғында үнемі кездеседі, ал виремия кезінде қанда, сөл түйіндерінде, ішкі ағза- 
ларда болады.
Төзімділігі. 
Диарея вирусы 20°С-тан төмен температурада жылдар бойы 
сақталады. Патматериалда 4°С-та 6 ай бойы тіршілігін жоймайды, ал 37°С-та 5 
тэулік ішінде өледі. Вирус хлороформға, эфирге сезімтал. Қыщқыл ортаның 
әсеріне төзімсіз, pH 5,7 ден төмендегенде ыстыққа төзімсіз. 56°С-тан жоғары
288


температурада уыттылығын тежеп, тіршілігін тоқтатады. Сыртқы ортаны 
зарарсыздандыру үшін кэдімгі дезинфектанттар қолданылады.
Індеттік ерекшеліктері. 
Вирустық диареямев табиғи жағдайда сиыр, 
буйвол, бұғы жэне елік ауырады. Ірі қара әдетте 2 айдан 2 жасқа дейінгі ара- 
лықта ауырады, жаңа туған бұзаулар мен сақа сиырлар ауруға сирек шалды- 
ғады. Торайлар мен көжектерге оны қолдан жұқтыруға болады.
Ауру қоздырушысының бастауы - ауруға шалдыққан жануарлар, олар 
жазылғаннан кейін де 4 ай бойы вирус алып жүреді. Ересек сиырларда ара- 
тұра іш тастау арқылы байқалатын жасырын инфекция болады. Вирус дене- 
ден нэжіс, несеп, сілекей, танаудан аққан сора мен көзден аққан жас арқылы 
бөлініп шығады. Негізгі жұғу жолы алиментарлық, кейде аэрогендік жолмен 
немесе тумай тұрып жатырда жұғады. Жұқтыру факторы ролін вируспен лас- 
танған жемшөп, күту саймандары, су, күтуші адамдардың киім-кешегі атқа- 
рады.
Вирустық диарея індет ретінде тұтанып, жылдың суық мезгілдерінде бай- 
қалады. Аурудың шығуына малды ауыстырып, топтастыру, күтімінің нашар- 
лығы, технологиялық процестер кезінде ветеринариялық-санитариялық ере- 
желердің сақталмауы ықпал етеді. Ауруға шалдығу көрсеткіші жаңа басталған 
індет ошақтарында 90%-ға, өлім көрсеткіші 30%-ға дейін жетеді. Тұрақтанған 
ошақтарында ауруға шалдығу деңгейі төмендеп, керісінше ауырған малдың 
шығыны көбейеді. Вирустық диареяға әдетте жұқпалы ринотрахеит пен па- 
рагрипп қабаттасып, ауруды асқындырып жібереді. Сонымен қатар, бірқатар 
бактериялар да (эшерихиялар, сальмонеллалар, пастереллалар, гемофильді 
бактериялар) бұл аурудың асқынып, зілді түрде өтуіне себепкер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет