дың көзінен жас, ауызынан сілекей ағады. Ауру сәтті өткенде аталған клини-
калық белгілері 1-2 аптаның ішінде басылады.
Парагрипп асқынған ыіақта өкпе мен оның пердесі зақымданады да,
созылмалы бронхопневмонияға ұласады. Кейде
энтериттщ белгілері де бай-
қалады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер.
Негізінен жоғарғы тыныс
жолдарында кілегейлі қабықтарының катарлы қабынуы байқалады. Тыңыс
жолдарында созылмалы қоймалжың сұйық жиналады, кілегей қабықтарының
кейбір тұстары ошарланып қанталайды. Жұтқыншақ, жақасты, кеудеаралық
сөл түйіндері ісініп, ылғалданып, қызарады. Өкпенің
алдыңғы немесе ортаң-
ғы, сирек жағдайда соңғы диафрагмалық бөлігі қабынады. Қабынған телімдер
тығызданып, түрі күңгірттеніп, тілгенде бронха айналасындағы жэне бөлік
аралық ұлпа қабынып, бронхалардың ішінде кілегейлі немесе іріңді экссудат
болады. Крупозды қабыну болғанда өкпе ұлпасы тығызданып,
кескенде ала-
мыштанып тұрады, ал өкпе пердесінде көп жағдайда фибринді қабыршақ
болады.
Балау.
Диагноз қою үшін індеттанулық, клиникалық және патологиялық-
анатомиялық деректер ескеріледі. Аурудың басты ерекшелігі 1-2 апта ішінде
бейім жануарларды түгелдей дерлік қамтиды. Клиникалык жэне патология-
лық-анатомиялық белгілері бойынша тек қана алдын-ала болжам жасауға
болады. Түбегейлі қортындыға келу үшін міндетті түрде вирусологиялық
жэне серологиялық зерттеулер жүргізу қажег.
Зертханалық тексеру төмендегі бағыттарда іске асырылады:
-ауырған малдан немесе өлекседен алынған
патологиялық іматериалдан
төсеніш шыныдағы жағындыда немесе кесіндіде иммунофлуоресценция
реакциясы арқылы парагрипп антигенін айқындау;
- патологиялық материалдан сиыр эмбрионының бүйрек немесе өкпе тор-
шаларының өсінділерінде вирусты бөліп алып, гемадсорбцияны немесе гемаг-
глютинацияны
тежеу реакцияларында, иммунофлуоресценция реакциясында
анықтау;
-ауырған немесе ауырып жазылған малдардың қанында парагрипп анти-
денелерін гемагглютинацияны немесе гемадсорбцияны тежеу, комплемент
байланыстыру және бейтараптау реакцияларында айқындау. Антиденелер
табылған кезде 1-2
аптадан кейін тексергенде, титрі 4 есе немесе одан да
артық жоғарылау керек.
Сонымен қатар вирусологиялық зерттеулерде тауық эмбриондарына
жэне сау шаруашылықтан экелінген бұзауларға жүктыру қолданылады. Тауық
эмбрионына жүқтырғанда бірнеше пассаж жасауға тура келеді. Амниондық
сұйықты серологиялық эдістермен жэне торша өсіндісіне жүқтырып тексеруді
қажет етеді. Бүзауға жұқтыру үшін пайдаланылатын жануардың қанында па-
рагрипптің антиденелері болмауы керек. Жүқтыру
жэне одан кейінгі зерттеу-
лер де көп еңбекті қажет етеді. Сондықтан, бұл эдістер ерекше жағдайда ғана
сирек қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: