Оқулық. Алматы, 518 бет


Патологиялық-анатомиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет218/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. 
Негізгі патологиялық-анато- 
миялық өзгерістер ас қорыту жолдарында кездеседі. Қаңсардан бастап үртын- 
да, ауыз қуысында, тілінде, жүтқыншақта, өңешінде, ұлтабарында, аш ішегі- 
нің кілегейлі қабықтарында көптеген, әрқайсысының диаметрі 1-5 мм, эрозия- 
лар болады. Мүндай ойылымдар кейде алдыңғы қарындарда да кездесуі мүм- 
кін. Әдетте кепкен экссудат қабыршақтары жабысып түрады. Ауыз қуысында 
эрозиялар эсіресе таңдай мен тістерінің айналасында көзге түседі. ¥лтабар 
қабынып, кілегейлі қабығының көптеген түстары қанталап, айналасында 
эрозиялар болады. Аш ішекте өліеттену мен ойылым Пейер түйіндерінің кіле- 
гейлі қабықтарында орналасады. Өліеттену лимфоидты үлпаларға да жайы-
290


лады. Ондай бүлінген ұлпалардан ішекке қан кетуі мүмкін. Ас қорыту жол- 
дары мен басқа да жүйелердің түйіндері ісініңкі болады. Бауыр ұлғайып, 
сарғыш тартады, сұрғылт дақтар кездеседі. Жүректе эпикард жэне эндокард 
асты қанталайды. Эрозиялар мен ойылымдар қынаптың, танаудың кілегейлі 
қабықтарында, тұяқ арасындағы теріде де кездеседі.
Балау. 
Сиырдың вирустық диареясына балау клиникалық-індеттанулық 
деректерді, патологиялық-анатомиялық өзгерістерді ескере отырып, міндетті 
түрде зертханалық зерттеу жүргізу арқылы іске асырылады.
Зертханаға патматериалды симптомдары айқын, ауыра бастағанына 2-3 
күн болған малдан не болмаса эдейі аурудың жіті кезеңінде сойып алады. 
Ауру малдан стерильді тампонмен танаудағы бөліндіңі, қаңын, ауыздың ой- 
ылған кілегейлі қабығының қырындысын алады. Әдейі сойылған малдан өк- 
пенің кесіндісін (сау жэне зақымданған ұлпасының аралығынан), көк бауыр. 
сөл түйіндері, зақымданған кілегейлі қабықтар алынады.
Зертханалық тексеру кезінде.патматериалда иммунофлуоресценция реак- 
циясы арқылы вирустың антигені анықталады. Торша өсінділерінде қоздыру- 
шы вирус бөлініп алынып, бейтараптау жэне иммунофлуоресценция реакция- 
ларында айқындалады. Қан сарысуын бейтараптау жэне комплемент байла- 
ныстыру реакциялары бойынша вирустық диарея антиденелеріне теқсереді.
Зертханалық тексеру үшін тиісті диагностикумдар жиынтығы пайдала- 
нылады. Зерттеуді вирустық диареямен қатар ажыратып балау үшін пара- 
гриппке, жүқпалы ринотрахеитке, аденовирусты жэне респираторлық синци- 
тиялық инфекцияларға жүргізеді. Вирустық диареяны одан басқа обадан, зілді 
катарлы қызбадан, сарыптан, паратуберкулезден ажырату қажет.
Емі. Негізінен симптоматикалық емдік шаралар қолданылады. Бактерия- 
лық инфекциялар қабатгасып, аурудың асқынып кетпеуіне, малдың тез арық- 
тамауына баса көңіл аударады. Басқа да вирустық пневмоэнтериттермен 
(парагрипп, ринотрахеит) қабаттасып өткенде реконовалесценттёрдің қан 
сарысуын пайдаланады. Мапдың күтімін жақсартып, сіңімді жүмсақ азықтар 
береді. Ауру ауыр өткенде емнің нәтижесі шамалы жэне тиімсіз болып та- 
былады.
Иммунитет. 
Ауырып жазылған малда бірнеше жылға айтарлықтай берік 
иммунитет қалыгітасады. Бұзау енесінің уызы арқылы антиденелер апады. 
Вирустық диареяға қарсы тірі және өлтірілген вакциналар ұсынылған. Көп- 
теген елдерде бүл ауруға қарсы басқа да пневмоэнтериттер (парагрипп, рино- 
трахеит, рео- жэне аденовирус инфекциялары), хламидиоздар, лептоспироз, 
пастереллез т.б. эр түрлі үйлесімде поливалентті вакциналар қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет