Дауалау және күресу шараларлары. Секіртпені болдырмау үшін жа-
йылымдар мен суаттардың санитариялық жағдайын жеткілікті дэрежеде ұстау
керек. Ауру шыққан жерлерді мұқият тіркеуге алып, ондағы қойларды уақы-
тылы вакцинамен егіп отыру қажет. Брадзот шыққан шаруашылыққа шектеу
қойылып, қойды әкелуге жэне экетуге тиым салынады. Ауырған малды жедел
оқшаулап, ауырмағандарын жайылымға шығармай, қорада ұстап вакцина
егеді. Ауру мал тұрған қораны дезинфекциялайды. Өлексе жатқан жерді, был-
ғанылған құралдарды зарасыздандырады. Өлексені терісін алмастан өртейді.
Өлексені тек қана диагнозын анықтау үшін арнайы жерде союға рұқсат еті-
леді. Ауырған малдың көңі де, жемшөптің қалдығы да өртелуі тиіс. Шектеу ең
соңғы қой брадзоттан өлген соң екі апта өткеннен кейін алынады.
Атаулар мен ұғымдар
Брадзот, секіртпе, Bradsot, Clostridium septicum. Поливалентті брадзот,
энтеротоксемия, қатерлі домбығу мен қозының дизентериясына қарсы вак-
цина.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мәліметтер: ауру-
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше-
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер,
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
Тапсырма
Қой топалаңынан брадзотты ажырату үшін осы екі аурудың індеттану-
лық, клиникалық, патологоанатомиялық салыстырмалы сипаттамасын беріп,
жүргізілетін зерттеулердің мақсаттары мен нәтижелеріне талдау жасаңыз.
10.12. Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы немесе жыбырлақ
(Enterotoxemia infectiosa ovium, инфекционная энтеротоксемия овец) - геморрагиялық энте-
ритпен, бүйректің зақымдануымен, жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен,
дененің жалпы улануымен ерекшеленетін, өте ауыр өтетін жұғымтал емес
ауру.
Тарихи деректер. Бұл ауру Қазақстанда "жыбырлақ" деген атпен ерте-
ден белгілі. Арнайы басылымда "жұмсақ бүйрек" аталып 1910 ж Тасманияда
сипатталды. 1926 ж Бейнете Австралияда қозының аш ішегінен қоздырушы
301