Кейбір
жануарлар ұзақ уақыт есеңгіреп, бір орынында тұрады. Ауызына
алған шөбін шайнамай, не жұтпай мелшиіп қалады. Терісінің сезімталдығы
төмендейді. Кейінірек тіпті бей-жәй күйге түседі,
айналасында не болып
жатқанын сезбейді. Осылай сілейген қашіы бірер күн тұрып, өледі.
Жітіден төмен
өтуі эдетте індеттенудің беті қайтқан соңғы кезінде ере-
сек қойларда немесе күйі нашар малдарда індеттің кез келген сатысында бай-
қалады. Энтеротоксемияның жітіден төмен өтуі түйеде жиірек ұшырасады.
Ауру бұлай өткенде көбінесе малдың іші өтіп, жемшөпке онша қарамайды.
Кілегейлі қабықтары басында анемиядан бозғылт тартып,
кейіннен, эсі-
ресе, конъюнктивасы сарғайып кетеді. Денесінің эр жерінде жүні түсе бас-
тайды. Буаз мал іш тастайды. Кейбір жануардың жүйке қызметі бұзылып, бір-
де қозынып, бірде жабырқау тартады. Осындай белгілер басталған соң ауыр-
ған мал 4-5 күн ішінде өледі.
Кейбір жануарларда ауру 15-20 күнге созылып, өлмей қалады. Жазылған
малдың қоңы бәрібір оңалмайды,
сондықтан, оларды шаруашылықта қал-
дыру тиімсіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: