Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет240/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Өтуі мен симптомдары
Жасырын кезеңі бірнеше айдан бір жылға дейін 
созылады, ал буаз қойда 30-60 күн мөлшерінде. Хламидиоздық іш тасатудың 
клиникалық көріністері жылына бір рет қана төлдеген маусымда байқалады.
Ауру екі түрде өтеді: симптомсыз жэне кэдімгідей. Симптомсыз бай- 
қалғанда қой дүрыс қоздайды. Бірақ, оның қағанағында жэне жыныс жолда- 
рынан шыққан бөлінділерге хламидиялар болады. Сондықтан, мүндай мал 
үзақ уақыт бойы ауру таратады. Одан туған төл нашар жетіледі жэне хла- 
мидия алып жүреді. Аурудың кәдімгідей байқалуы деп буаз қойдың іш тас- 
тауы немесе элжуаз, нашар қозы табуын айтады. Осындай қозы көп түрмай 
өліп қалады. Іш тастаған малда аборт қайталанбайды, бірақ, келесі қоздағанда 
төлі шала жансар болып тууы мүмкін. Буаз саулық көбінесе тууына 2-3 апта 
немесе 2 ай қалғанда іш тастайды. Ауырған мал іш тастаудан 2-3 күн бүрын 
тынышсызданып, бір жатып, бір түрады, жемшөп жеуі нашарлайды. Іш тастар 
алдында температурасы көтеріліп, сарпайынан қоймалжың іріңді сүйық аға- 
ды. Кейбір іш тастаған малдың шуы түспей, дене-сінің ыстығы көтеріледі.
Іш тастағаннан соң, кей жағдайда қалыпты қоздағаннан кейін де, саулық 
метритке шалдығып, күйі күрт нашарлап, өсімталдығы мен өнімділігі төмен- 
дейді. Ауруға шалдыққан қой дүрыс төлдегеннің өзінде де туған қозылар бас-
312


тапқыда ешбір күдік тудырмағанымен тез өлімге үшырап жиі ауырады. Ондай 
қозылардың буындары ісіп, аяқтары салданып, арқа омыртқасы қисайып
имиіп тұрады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. 
Қойдың шуындағы катели- 
дондары өліеттенеді. Плацентаның түсі қызыл-қоңыр, консистенциясы тығыз, 
бетінде сұрғылт қабыршақтар кездеседі. Тастанды төлдің бұлшық еттері мен 
тері асты шелі қанталап, домбығады, құрсақ жэне көкірек қуыстарында қан 
аралас транссудат болады. Жүрегі мен өкпесі қанталап, миына қан құйылады. 
Бас жағы, кіндік тұсы домбығады. Айыршық без, бауыр, көк бауыр жэне 
бүйректерінде дистрофияға ұшырап, өліеттенген ошақтар болады.
Балау. 
Ауруды балау үшін індеттанулық деректерді, клиникапық белгі- 
лерін, патологиялық-анатомиялық өзгерістерді ескере отырып, бактериоло- 
гиялық жэне серологиялық зертеулер жүргізеді.
Қынаптан аққан сораны, қағанақтың тысын, котелидондарын, хорион 
мен амнионды, тастанды төлдің эр түрлі ағзаларын хламидияларды көру үшін 
микроскоппен тексереді. Ол үшін жағындыны Стемп эдэсімен карболды фук- 
син, малахит жасылы бояуларымен Макиавелло эдісімен сілтілік буферге 
езілген фуксинмен, Романовсий-Гимза эдісімен бояйды.
Хламидиоздық іш тастауға серологиялық тексеру комплемент байланыс- 
тыру реакциясы арқылы жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет