Оқулық. Алматы, 518 бет


Қойдың хламидиоздық іш тастауы



Pdf көрінісі
бет239/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

10.14. Қойдың хламидиоздық іш тастауы
Қойдың хламидиоздық іш тастауы 
(Abortus chlamidiosis ovium,
хлами- 
диозный аборт овец) - қағанақ қабықтарының қабынуы, іш тастауы, төлдің 
шала жансар тууы арқылы ерекшеленетін жүқпалы ауру.
Тарихи деректер. 
Ауру энзоотиялық іш тастау деген атпен 1936 ж. 
Англияда белгілі болып, іле шала басқа да Европа елдерінде тіркеле бастады. 
Кейіннен қой шаруашылығы дамыған барлық елдерде дерлік бар екені анық- 
талды.
Қоздырушысы 
-
Chlamidia psittaci var.ovis
- хламидиялар тобына жата- 
тын микроб. Барлық хламидиялар бір-біріне морфологиялық жэне биология- 
лық қасиеттері жағынан ұқсас келеді. Олар бактериологиялық сүзгіден өтіп 
кетеді, торша ішінде тоғышарлық етеді жэне денешіктер түзеді. Қойдың 
хламидиоздық іш тастауының қоздырушысында екі түрлі антигендік типтері 
кездеседі. Бірі қой мен сиырдың жыныс органдарын жэне ішегін зақымдайды, 
екіншісі бұл жануарларда энцефалит, полиартрит және конъюнктивит туды- 
рады. Хламидиялармен лабораторияларда 6-7 күндік тауық эмбрионын, ақ 
тышқанды жэне теңіз тышқанын жұқтырады.
Хламидиялар тастанды төлде бірнеше ай бойы сақталады, ал сыртқы 
ортада тез өледі, әйтсе де минус 10-20°С-та бір айға дейін белсенділігін жой- 
майды. Қоздьфушысының дезинфектанттарға төзімділігі жеткілікті зерттел- 
меген.
Індеттік ерекшеліктері. 
Ауруға қойлар жасына жэне жынысына қара- 
май шалдығады, әйтседе үрғашы түсақтар басқаларынан тез ауырады жэне 
ауру ең алдымен қоздайтын қойлардың буаздық мерзімінің екінші жартысына
311


ойысқан сәтінде жиі байқалады. Ауру қойдан ешкі мен сиырға да жүғуы мүм- 
кін.
Инфекция қоздырушысының бастауы - ауырған жэне хламидия алып 
жүретін малдар. Хламидия алып жүру мерзімі өте ұзақ болады. Хламидиялар 
сүтпен, несеппен, нэжіспен, іш тастаған соң шаранаман жэне қынаптан аққан 
сорамен бөлінеді.
Аурудың жаппай жүғуы сау мал мен ауру малдың буаз кезінде, төлдеген 
кезінде, сақманнан кейінгі 1-2 апта уақыт аралығында және күйек кезінде 
жанасуынан болды. Қоздырушы негізінен алиментарлық жэне жыныстық 
жолдармен беріледі. Қошқарларға хламидиялар ауру жэне хламидия алып 
жүретін саулықтардан жұғады. Ауру саулықтан туған немесе оны емген қозы 
инфекция бастауына айналуы мүмкін.
Сау емес шаруашылықтан әкелінген мал ауру таратуда өте қауіпті. 
Мұндай малды экелген соң қой отарында жаппай іш тастау мүмкін. Әдетте 
ондай жағдай шеттен ауру мал экелінген соң бір жыл өткен мезгілде бай- 
қалады.
Індет тұрақтанған байқалатын жерде ауру жасырын түрде өтеді, малдың 
күтімі төмендеген кезде, антисанитариялық жағдайда, сақман алу ойдағыдай 
өткізілмегенде індет асқынып, қойлар жаппай іш тастайды.
Дерттенуі. 
Қоздырушы мен оның токсиндері қанға түсіп, эр түрлі ағза- 
ларға жеткенде қойдың денесінің ыстығы көтеріліп, жалпы жағдайы нашар- 
лайды. Хламидиялар жыныс органдарына шоғырлануға бейім келеді. Қан мен 
бірге жыныс мүшелеріне жеткенде қоздырушы эпителий клеткаларына еніп, 
әсіресе, плацентаның хорионында, котиледондарында тез көбейіп бүларды 
дистрофия мен өліеттенуге үшыратады. Хламидиялар жатырдағы төлдің дене- 
сіне өтіп, оның миындағы, ішкі органдарындағы дистрофиялық жэне өліет- 
тену процестеріне, соған байланысты төлдің өлуіне себеп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет