Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет241/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Ажыратып балау. 
Хламидиоздық іш тастауды бруцеллез, сальмонел- 
лез, кампилобактериоз, листериоз, лептоспироз, Қу қызбасы, токсоплазмоз 
сияқты іштастау арқылы байқалатын аурулардан ажырату керек. Барлық жағ- 
дайда да түпкілікті қорытынды зертханалық тексерудің нәтижесіне негізде- 
леді. Хламидиоз бұл аурулармен қабаттасып байқалуы да мүмкін.
Емі. 
Емдеу үшін эр түрлі антибиотиктерді: тетрациклин, окситетрацик- 
лин, т.б., сульфаниламид препараттарын қолдану ұсынылған. Бірақ, олар не- 
гізінен қосағіқы микробтарға әсер етеді жэне нэтижесі онша болмайды, қым- 
батқа түседі.
Иммунитет. 
Бір рет ауырған қой іс жүзінде қайтадан ауырмайды. Им- 
мундеу үшін формалинденген вакцина ұсынылған. Онымен қойды күйекке 
барар алдында егеді. Оның нэтижесінде іш тастау айтарлықтай азаяды. Со- 
нымен қатар, өлтірілген эмульсин вакцина қолданылады. Онымен бір рет 
егілген қойда иммунитет бір жыл сақтапады. Венгрияда шығарылатын эмуль- 
син вакцина 3 жылға иммунитет береді. Германия мен Англияда өлтірілген 
майлы адъювант вакцина қолданылады. Югославияда тірі аттенуацияланған 
вакцина шығарылады, оны қолдану жақсы нәтиже береді.
Дауалау жэне күресу шаралары. 
Аурудың алдын алу үшін қой отарла- 
рын мал басымен толтырғанда, отар мен отардың, ферма мен ферманың, ша- 
руашылықтардың арасында малды бір жерден екінші жерге ауыстырғанда 
ветеринариялық-санитариялық талаптарды мүқият орындау қажет. Жаңадан 
әкелінген саулықтар мен қошқарларды бір ай карантинде ұстап, хламидиоз- 
дық іш тастауға комплемент байланыстыру реакциясымен тексереді. Сау емес 
шаруашылықтан кошқар алуға болмайды. Қой іш тастаса, оны міндетті түрде 
хламидиозға тексеріп отыру қажет.
313


Хламидиоздық іш тастау байқалған шаруашылықта шектеу қойылады да, 
оны тез сауықтыру үшін шұгыл шаралар қолданады. Қойды бағып күтудің, 
күйекке қосудың, сақман алудың ветеринариялық-санитариялық талаптары- 
ның сақталуын қатаң бақылайды.
Іш тастаған қойларды етке өткізеді. Тастанды төлді, малдың шуын, шала 
жансар туған қозыларды жояды. Барлық қойларды жэне қозыларды төрт ай 
сайын КБР бойынша тексереді де, өлтірілген эмульсин вакцинамен егеді. Ша- 
руашылықты сақманды екі рет хламидиоздық іш тастаусыз сэтті өткізген соң, 
барлық малдың қан сарысуын КБР мен тексеріп бір рет теріс нәтиже алғанда 
сау деп жариялайды.
Атаулар мен ұғымдар
Қойдың хламидиоздық іш тастауы, Abortus chlamidiosis ovium, хлами- 
диозный аборт овец. Chlamidia psittaci variant ovis. Хламидиоздық іш тастауға 
қарсы формолвакцина.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мэліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше- 
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер, 
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
Тапсырма
Саулықтардың хламидиоздан іш тастағанда бұған дейінгі, іш тастау 
кезіндегі жэне іш тастағаннан кейінгі клиникалық белгілерін сипаттаңыз. Іш 
тастаған саулық пен тастанды төлде байқалатын патологиялық өзгерістерге 
талдау беріңіз. Бүл ауруды басқа да аурулардан болатын іш тастаудан қалай 
ажыратады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет