Оқулық. Алматы, 518 бет


Патологиялық-анатомиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет237/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. 
Өлексені сойып көргенде 
ауруға тэн белгілер тұмсығында, еріндерінде, иегінде, тілі мен маңдайында, 
түяқтың ашасы мен көбесінде, жіліншікте кездеседі. Ішек пен қарынның кіле- 
гейлі қабықтары да қолдырап ойылады. Гистологиялық зерттеу эпидер-мистің 
толық немесе жартьшай бүлінгенін көрсетеді. Эпидерманың асты, бұлшық ет 
талшықтарының аралығында ядролары өзгеріске үшыраған лейкоциттер мен 
гистиоцитарлық лимфоидты жасушалар шоғырланады. Бауыр қабыршағының 
астында, паренхимасының ішінде диаметрі 0,5-Ісм өліеттенген ошақтар бо- 
лады. Жүректің оң жақ қуыстары кеңіп, миокард азғындап, қабынады. Мидың 
жұмсақ қабығы, самай жақ бөліктері қабынады.
Балау 
үшін індеттанулық деректерді, клиникалық жэне патологиялық- 
анатомиялық белгілерін ескеріп, зертханалық тексеру жүргізеді.
Індеттанулық деректерден аурудың аса жұғымталдығын, бір жерде тү- 
рақтылығын ескереді. Бірінші рет байқалған жерде жас төл де, ересек мал да 
ауырады. Ал байырғы ошақтарында ересек малдың, тоқтылардың иммунитеті 
болады да, жас қозылар ғана шалдығады.
Басты клиникалық белгілері - ауыздың кілегейлі қабықтары мен еріннің 
терісінің зақымдануы. Мұқият тексергенде кілегейлі қабықтардың ойылып, 
қолдырағаны байқалады, ал теріде везикулалар мен пустулалар көрінеді.
Зертханалық тексеру вирусоскопия, серологиялық реакциялар жэне био- 
сынама арқылы жүргізіледі. Ауырған малдың везикуласындағы сөлді немесе 
қабыршақты алып Морозов әдісімен жағында даярлап, микроскоппен имерсия 
арқылы қарайды. Эктиманың қоздырушысы коктар тэрізді домалақ 0,2-0,3 
мкм қара түсті қарапайым денешіктер түрінде көрінеді. Электрондық микрос- 
копияның нэтижесі жоғары. Ондай зерттеулерді шешек ауруларын электрон- 
дық микроскопия арқылы балау әдістері негізінде жүргізеді.
309


Егер зақымданған теріден гистологиялық препарат даярлап, гемоток- 
силин-эозинмен бояса, эпидермистің кератинді жасушалардың цитоплазма- 
сында қызғылт түсті клетка ішіндегі денешіктер көрінеді. Вирустың қара- 
пайым денешіктерін жэне торша ішіндегі денешіктерді көрудің қай-қайсысы 
болмасын ауруға диагноз қоюға негіз болады.
Эктиманың вирусын серологиялық жолмен анықтау үшін комплемент 
байланыстыру, агглютинация жэне бейтараптау реакциялары қолданылады.
Ауруға биосынама қою үшін жас қозылар немесе мысық пайдаланылады. 
Қозының ерініне, ал мысықтың қабырғасына жүнін тақырлап алған соң, 
иненің немесе қандауырдың ұшымен тырнап, везикуладан алынған сұйықтық- 
ты тамызады. 2-4 күннің ішінде тері бастапқыда қызарып, қабынады да, 
кейіннен бұдырмақтанып қолбырайды. Асқына келіп пустулалар бір-бірімен 
қосылады. Бір жұма өткенде тобарсып, жазыла бастайды, қабыршақтанып 
өздігінен түсіп қалады. Астында жаңа эпидермис пайда болады. Жүғымтал 
эктиманы шешек пен аусылдан ажырату қажет. Ол үшін жоғарыда айтылған 
лабороториялық тексерулердің нэтижесі пайдаланылады.
Емі. Аурудың өзіне тэн емі жоқ. Ауыз уылғанда кілегейлі қабығына күн 
сайын глицерин мен йодтың 5% тұнбасын жағады немесе юглонның спирт 
денатуратында даярланған 0,5% ерітіндісімен шаяды. Зақымданаған теріге 
синтомицин эмульсиясын немесе аталған ерітінделерді жағады. Ауру некро- 
бактериозбен асқынса қозыларға ауызынан 0,02-0,03 г/кг дозада биомицин 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет