Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет236/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Өтуі мен симтомдары
Қой мен ешкіде аурудың жасырын кезеңі табиғи 
ж ағдайда 5-10 күн, ал қолдан ж ұқты рғанда 3-5 күндей. А уру жіті, ж ітіден
307


төмен жэне созылмалы өтеді. Клиникалық байқалуына байланысты ауыздағы, 
еріндегі, тұяқтағы жэне жыныс мүшелеріндегі түрге бөлінеді. Мұндай бөлу 
белгілі дэрежеде шартты ғана, өйткені көбінесе мапдың ерні, сирақтары мен 
жыныс мүшелері бірдей зақымданады.
Еріндегі және ауыздагы түрлері
кезінде вирустың енген жерінде, эдетте 
езуінде, эр түрлі қызарған дақтар пайда болады. Олардың ортасы қолдырап 
тез арада везикулапарға, одан кейін пустулаларға айналады. Пустулалар жа- 
рылып, эрозиялар көрінеді. Одан аққан бөлінді тобарсып, қабыршақтанып, 
қара-қоңыр түске енеді. Ауырған мал, әсіресе, қозылар жемшөп жей апмайды, 
су ішуден қалады. Кей жағдайда денесінің ыстығы көтеріледі. Man арықтап 
өліп қапуы мүмкін. Егер ауру асқынбай, зілсіз өтсе 10-14 күнде қабыршақтар 
сыдырылып түсіп, орнында ешқандай тыртық болмай, ауырған мап жазылып 
кетеді. Өте жиі патологиялық процесс ерінмен шектелмей, одан ары өрбіп, 
танаудың, көздің айналасындағы теріні зақымдап, қүлаққа дейін жетеді. 
Ауырған қозылар енесіне жүқтырып, саулықтың желінсауға, агапактияга 
ұшырауына себеп болады да төл сүтсіз қалып, аштыққа ұрынады. Дерт 
процессі көп ауқымды қамтыса немесе қосалқы микробтармен ұшықса дене- 
нің қызуы көтеріліп, температурасы 41-42°С болады. Ауырған төл тез жүдеп, 
өспей, көп жағдайда өліп қапады.
Түяқтагы түрі
кезінде жоғарыда келтірілген белгілер тұяқтың ашасын- 
дағы, көбесіндегі жэне жіліншігіндегі теріде кездеседі. Тұяғын ұстап көр- 
генде мап ауырсынады, зақымданған тұстарының қызуы көтеріңкі болады. 
Ауырған мал ақсап, жүре апмайды. Қосапқы микробтармен асқынғанда ауру 
40-50 күнге созылып, өліеттенген пододерматитке немесе панарицияға айна- 
лады.
38-сурет. Қойдың жүгымтал эктимасы.
Жыныс мүіиелеріндегі түрі
кезінде пустулалар, қызыл шақалану мен 
қабыршақтану желінде, санның ішкі жағында, сарпай мен үрпекте қездеседі. 
Желін терісінің зақымдануы гангренапық маститке ұласуы мүмкін. Үрғашы
308


малдың сарпайы ісініп, күнтимесі, кынаптың кілегейлі қабықтарында, еркек 
жануардың қанабының терісінде жэне кілегейлі қабықтарында, шыбығында 
осындай өзгерістер болады.
Түйеніц эктимасы
жеткілікті зерттелген жоқ. С.Ж. Төлепбаевтың 1971 ж 
деректері бойынша түйе мен қойда ауру қоздыратын вирустар бір-бірінен 
дербес. Түйелер негізінен күздің соңы мен көктемнің басында ауырады. 
Ауруға кез келген жастағы түйе шалдыққанымен, көбінесе бір жасқа дейінігі 
боталар үшырайды. Бастапқыда ерін мен танау тесігінің айналасындағы тері 
ісініп, ауырсынады. 1-2 күннен кейін үсақ қызарған бөрткендер пайда болып, 
бір-бірімен қосылып, түсі күңгірттеніп, үстіңгі жағы жарылып, сызаттана 
бастайды. Сызаттардан қанды экссудат бөлініп, тобарсып, қабыршақтанады. 
Ауру басталған соң 3-4 күн өткенде жануардың температурасы 39°С дейін 
көтеріледі. Субфибрильді температура 2-3 күннен кейін орынына түседі. Ауру 
асқынбаса 2-3 аптада жазылады. Асқынған жагдайда еріннің ішінде пусту- 
лалар пайда болып, ойылады. Дерт процесі айналасындағы ұлпаларға жайы- 
лып, жануардың басы ісініп кетеді. Ауырған ботаның ауызынан исі жағымсыз 
сілекей шүбырып ағады. Жануар өте тез жүдеп, кейде өліп қалады. Көбінесе
4-5 күн кризистен кейін аурудың беті қайтып, 30-40 күнде жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет