Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет235/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

10.13. Жұғымтал эктима
Жұғымтал эктима 
(Ecthyma contagiosa,
контагиозная эктима) ауыздың 
кілегейлі қабықтары, ерін мен сирақтың терілерін сүйел басып, қабыршақта- 
нуы арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жүғымтаи ауру.
Тарихи деректер. 
Ауру тураиы алғашқы жазбаша мэліметті Англияда 
1787 ж Стиб берді. 1905 ж Гутира мен Марек ауырған малдан 
В. песгор-
һогит
микробын бөліп алды да, содан бері бүл ауруды барлық елде некро- 
бактериоз ретінде қабылдап келді. 1921 ж Францияда Эйно жүғымтач экти- 
маның нағыз қоздырушы вирусын бөліп алып, одан вакцина даярлады.' Қазақ-
306


станда бұл ауру ертеден белгілі болатын, оны "сүйел" немесе "қара сүйел" деп 
атайтын, ал түйеде ауыздық немесе жантақ бас деп аталып келді. Аурудың 
Қазақстанда таралуын ғылыми тұрғыдан К.Н. Бучнев пен Г.И. Лопатников 
баяндады.
Қоздырушысы 
-
O rf parapoxvirus
немесе орф вирусы, шешек вирусы 
тұқымдастығына жатады, құрамында ДНҚ бар, үлкендігі 250 нм, ірі вирус, 
микроскопта көру үшін препаратты Морозов әдісімен даярлайды. Кейбір үлпа 
өсіндерінде, тауықтың 9-12 күндік эмбрионында өседі. Сыртқы ортада төзімді 
келеді. Сол себепті ауру бір жерде үзақ уақыт орын тебеді. Ауырған малдан 
сыдырылып түскен кепкен қабыршақтарда вирус бірнеше жыл сақталады. 
Шөпте жарты жыл, 50% глицеринде бірнеше ай сақталады. Ылғалды ортада 
вирустың төзімділігі онша емес. Қыздырған кезде 60-65°С-та бірнеше минут- 
та өледі.
Дезинфектанттардан формалин мен күйдіргіш натрийдің 1-2% ерітінді- 
лері, сөндірілген эктің 10-12% езіндісі жақсы нэтиже береді.
Індеттік ерекшеліктері. 
Жүғымтал эктимамен қой мен ешкі, түйе ауы- 
рады. Қолдан үй қоянына, бүзауға, құлынға, иттің күшігі мен мысықтың 
баласына жұқтыруға болады. Адам сирек ауырады, ауырған малмен жанас- 
қанда егер алақанында, саусақтарында жарақаттар мен сызаттар болса инфек- 
циялық процесс өрбиді.
Қозылар мен лақтар 4 күндігінен 10 айға дейінгі аралықта жиі ауырады.
Ауру қоздырушысының бастауы - денесінде вирус өсіп-өнетін ауырған 
жануарлар. Сыртқы ортаға вирус сыдырылып түскен қабыршақтармен, ауыз- 
дан аққан сілекеймен бөлінеді. Одан жайылым, оттық, жемшөп, су, қоражай, 
ластанады. Вирус қойдың үстіне, күту жабдықтарына, малшы адамдардың 
киімдеріне жабысады. Бейім жануарларға ауру ластанған жайылымда, жем- 
шөпті жегенде жүғады. Қоздырушының таралуына аурудан жазылған вирус 
алып жүруші малдар да үлкен әсер етеді. Сау шаруашылыққа эктима шеттен 
экелінеген ауру немесе ауырып жазылған малдан таралуы мүмкін. Түрақты 
індет ошағында негізінен жас төлдер ауырады, ал ересек жануарларда имму- 
нитет қалыптасады. Аурудың жаңа ошақтарында малдар жасына қарамай 
ауырады.
Дерттенуі. 
Денеге түскен вирус сирақ терісінде, ауыздың, еріннің, жы- 
ныс мүшелерінің кілегейлі қабықтарының эпителийінде өсіп-өнеді. Сөйтіп, 
торшалардың бүлінуіне экеп соғады. Торша ішінде денешіктер пайда болады 
жэне экссудат бөлінеді. Бүның нәтижесінде везикула пайда болып, олар 
пустулаларға айналады. Эпителийдің беті өліеттеніп, фибрин талшықтары ір- 
кілуіне байланысты қолдырап, суланған пустулалар тобарсып, беті қабыршақ- 
танады. Қабыршақтың астындағы теріде генерация өрбіп, жазыла бастайды, 
бірақ, тыртық пайда болмайды. Беткі қабыршақ қобырап түсіп қалғанда ас- 
тында жазыла бастаған қызыл шақа тері көрінеді. Процесс асқынбаған жағ- 
дайда екі апта ішінде мал сауығып кетеді. Кейде процесс бүкіл денені жай- 
лайды, немесе қосалқы миіфобтармен үшығып, өліммен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет