Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет231/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

CL. perfringens,
 
әсіресе оның спорасы сыртқы ортада өте төзімді. Спо- 
ралары қайнатқанда 15-20 мин. өткенде өледі, топырақ пен суда 20 айға дейін, 
жүн мен теріде 2 жылға дейін сақталады. Дезинфекция үшін 5 
%
белсенді 
хлоры бар эк, 10%-ды 70°С-қа қыздырылған күйдіргіш натрий, 5-10% фор- 
мальдегид, 15% 70-80°С-қа қыздырылған күкірт-карбол қоспасын пайдала- 
нады.
Індеттік ерекшеліктері. 
Жұқпалы энтеротоксемиямен табиғи жағдайда 
қойдан басқа сиыр, ешкі, түйе, жылқы, шошқа, жабайы аңдар ауырады. Қойда 
энзоотия, кейде спорадия ретінде өтеді. Аурудың маусымдылығы байқалады
көбінесе көктемде, сирегірек жаз бен күзде ұшырасады. Індеттің басты ерек- 
шелігі аурудың бір жерде тұрақтанып орын тебуі. Бір жерде оқтын-оқтын қай- 
таланып тұрады. Құрғақшылық жылдары ауру бэсеңдеп, жауын-шашын көп 
болғанда жиі байқалады. Аурудың қаулауын жас шөптің мол өсуімен түсін- 
діреді. Ауруға негізінен қоңы жақсы малдар шалдығады. Кей жылдары энте- 
ротоксемия қыстың күні де байқалады.
Энтеротоксемия токсикоинфекция ретінде көптеген мал түліктерінде 
кездеседі. Онымен жас төлдер: қозы, лақ, бұзау, құлын, торай жэне тауық ба- 
лапаны, сонымен қатар, ересек жануарлар да ауырады. Түйенің энтеротоксе- 
миясы қойдағы сияқты энзоотия ретінде байқалады.
302
I


CL.perfringens
шөп қоректі жануарлардың ішегіндегі микрофлораның 
құрамына кіреді. Ішек зақымданса немесе оның моторикасы бұзылса, кенет- 
тен малдың рационы өзгерсе, мысалы, жаңа көкгеген шөпті көп жесе, клос- 
тридиялар қауырт көбейіп, ауру туғызады. Қоздырушының негізгі уыттылық 
факторы - оның бөліп шығаратын экзотоксиндері. Кейбір экзотоксиндер 
белсенді емес протоксиндер ретінде бөлінеді де, трипсин жэне басқа фермент- 
тердің немесе басқа микробтардың синергетикалық эсерінен белсенді күйге 
түседі. Қанға өткен токсиндер үлпершек ағзалардың паренхимасын, орталық 
жүйке жүйесін зақымдап, жалпы организмді улайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет