Балау.
Секіртпеге диагноз індеттанулық деректерді, клиникалық бел-
гілерін, патологиялық-анатомиялық өзгерістерін
ескеріп жэне зертханалық
зерттеулердің нәтижесінде қойылады. Зертханаға өлексені немесе жеке ағза-
ларды: бүйрек, көкбауыр, бауырдың кесіндісін, үлтабардың зақымданған
телімдерін,
ұлтабарұшы ішегін, жіліктің сүйегін, тері астындағы жапқақты
жібереді. Зертханада микроскопия жүргізеді, таза өсін алады жэне ақ тышқан
мен .теңіз тышқанына биосынама мен бейтараптау ; реакциясын қояды.
Бактериологиялық зерттеуге материапды жаңа ғана өлген немесе жантэсілім
кезінде пышаққа ілінген малдан алады. Микроскопия
кезінде жағындыны
негізгі фуксин ерітіндісімен жэне Грам әдісімен
бояйды. СІ.яерИсит
үшін
бауырдың үстіне тигізген шыныдағы микробтың жіп сияқты ұзын тізбек
ретінде орналасуы тэн.
Барлық материағідардан, эсіресе, міндетті түрде тері астындағы жалқақ-
тан етпептон сорпасына,
қанды агарға егіп, ауасыбағасыз жағдайда өсіреді.
Сұйық ортада микробтың өсуін 24 сағ., ал тығыз ортада 24-48 сағ. тексереді.
Бөлінген таза өсінмен лабораториялық жануарларды жұқтырады, эсіресе,
телімді патологиялық-анатомиялық өзгерістер теңіз тышқанында байқапады.
Микробтың түрін өсіндік және морфологиялық қасиеттері бойынша анық-
тайды.
Достарыңызбен бөлісу: