Патологиялық-анатомиялық өзгерістер
негізінен тұяқта жэне оның
айналасындағы ұлпаларда кездеседі. Тұяқ сыдырылып түсіп қапады, ал түс-
пеген жағдайда жұқарып, жұмсарады. Кейбір тұстары өліеттенеді. Тұяқты
қопарып алғанда өліттенген жердегі ұлпалардың түсі акдіыл-сарғыш келеді,
жағымсыз шірік иіс шығады.
Балау
үшін
індеттанулық деректер, клиникалық белгілері және патоло-
гиялық-анатомиялық өзгерістер ескеріледі. Бактериологиялық тексерудің нә-
тижесіне айрықша көңіл бөлінеді. Түяқтың шіріген жерінен жағынды даярлап,
Грам эдісімен бояғанда микроскоптың бір көрінетін ауқымында 20 шақты
В.
nodosus
байқалады. Қажет болғанда қойдың немесе қозының тұяқ ашасын-
дағы теріні тырнап, патматериалдан даярлаған езіндіні тамызып,
немесе езінді
сіңірілген тампон қойып, дэкемен 2-3 күнге орап тастайды. Биосынаманың
нәтижесі оң болғанда 4-5 күнде түяқ түсіп қалады.
Шірікбақайды серологиялық тәсілмен балау үшін комплемент байланыс-
тыру реакциясы үсынылған. Бүл эдіс ауыра басталған соң 80% жағдайда оң
нәтиже береді де, аурудың клиникасы өшкен кезде теріс нэтиже береді.
Ауруды сарыптан, жүғымтал эктимадан, шешектен, аусылдан, жүқпалы
емес пододерматиттен, механикалық жарақаттанудан ажырату қажет.
Емі.
Ауырған малды бөліп алып емдейді немесе сояды. Емдеу үшін
зақымданған түяқты тазалап, хирургиялық шаралар қолданады.
Жылы сумен
сабындап жуып, өліетті бөлінділерден, жабысқан қыл-қыбырдан эбден таза-
лайды. Антисептикалық ерітінділермен (0,1% калий перманганаты, 5% спирт-
ті йод, 3%
сутегінің асқын тотығы, 0,5-1% хлорамин) сүртеді. Түяқтың өсіп
кеткен, өліеттенген, ірің кеулеген жерлерін мүқият жонып, жонылған жэне
кесілген қалдықтарын өртеп жібереді.
Ауырған мал көп болғанда арнаулы аяқ ваннасы пайдаланылады. Асты
бетондалған ваннаға 10% формалин немесе тотыяйын, 5% параформ, 5-10%
күкірт-карбол қоспасын қүйып, ауырған малды айдап өткізеді.
Содан кейін
малды тазаі төсеніш төселген қүрғақ қорада үстайды.
Емдік мақсатта эр түрлі антисептикслық эмульсиялар жэне аэрозольді
дэрілер пайдаланылады. Ауру асқынып кетсе антибиотиктер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: