Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет245/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

10.16. Қойдың жұқпалы маститі
Қойдың жұқпалы маститі (
Mastitis infectiosa ovium,
 
инфекционный мас- 
тит овец) немесе гангреналық мастит - желіннің гангреналық қабынуы мен 
бүкіл дененің улануы арқылы байқалатын, жіті өтетін жұғымтал ауру.
Тарихи деректер. 
Қойдың гангреналық маститі туралы алғашқы дерек- 
тер 1823 ж Францияда мэлім болды. 1887 ж Нокар ауру қоздырушысын бө- 
ліп алады, оны 
Micrococcus mastitidis gangrenosae
 
деп атайды. Кейіннен бұл 
ауру қой шаруашылығы дамыған елдердің барлығында кездесетіні анықтал- 
ды.
Қоздырушысы. 
Қойдың жүқпалы маститінің, негізгі қоздырушылары 
Staphylococcus aureus ovinus
 
(синонимы 
Micrococcus mastitidis gangrenosae
ovinus)
 
және 
Pasteurella haemolytica
 
бактериясының A жэне T биотиптері
оларды 
Bact mastitidis ovis
 
деп те атайды. Мастит кезінде бүл микробтар же- 
ке кездеспейді, олардың ассоциациясында үнемі эшерихиялар, протей, клос- 
тридиялар, т.б. үшырасады. Сонымен, жұқпалы маститтің негізгі қоздырушы- 
лары мастит микрококтары мен мастит бактериясы деп есептеледі де, басқа 
микробтар аурудың асқынуының себепкері ретінде қарастырылады.
Мастит микрококтары емшектің бөліндісінен алынған жағындыда бір- 
бірден, қосарланып, төрттен немесе үймеленіп орналасады. Ауасыбағалы жә- 
не ауасыбағасыз жағдайда бірдей өседі. Грам әдісімен боялмайды, қозғалу 
қабілеті жоқ. Ет пептон сорпасында тез өсіп, 24 сағ. ішінде ортаны лайлап,
317


одан кейін түбіне шөге бастайды. Ет пептон агарында ақшыл кілегейлі өсін 
береді. Зертханалық жануарларға зардаптылығы онша емес.
Микрококтардың сыртқы ортадағы төзімділігі недәуір. Қой қорасында 
80-85 ісүн, қорадан тыс жерде 60-70 күн сақталады.
Маститтің бактериясы сопақша келген (1,5-2x0,5ммк) таяқша, ауасыба- 
ғалы, грамтеріс, спора түзбейді, кэдімгі орталарда жақсы өседі. Аурудың бас- 
тапқы кезінде микроб емшектің бөліндісінен таза өсін ретінде оңай алынады. 
Уақыт өте келе желіннің микрофлорасының құрамы өзгеріп, коктар, ірің 
таяқшалары, эшерихиялар, т.б. көбейіп кетеді. Мастит бактериясы мал жазыл- 
ғаннан кейін организмде ұзақ уақыт (8-10 ай) сақталады. Организмнен бө- 
лінген микроб сыртқы ортада, топырақ пен көңде 20 күнге дейін тіршілігін 
жоймайды.
Жұқпалы мастит кезінде дезинфекция үшін 1% формальдегид, 05% бел- 
сенді хлоры бар хлорлы эк, 2% креолин, 2% лизол ерітінділері пайдаланы- 
лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет