Оқулық. Алматы, 518 бет


Патологиялық-анатомиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет247/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. 
Желіннің зақымданған бөлігі 
шектен тыс ұлғайып кетеді. Әдетте желіннің бір жағы ғана зақымданады. 
Желіннің зақымданған жағы басып көргенде қап-қатты, терісі тырсиып, қара 
қошқылданып, көгеріп, тері асты шелі суланып, жалқақтанады. Желінді тіліп 
қарағанда қызыл-қошқыл түсті, кескен жерінен лайланған сүрғылт жағымсыз 
иісті қоймалжың сүйық ағады. Сүт түратын қуыстары үлкейіп, ісініп, түсі 
қара қошқыл болады. Сүт жолдарының арасындағы үлпа қалындайды. Шек- 
тен тыс қан кернеген бөліктері мен ақшыл түсті телімдердің алма кезек орна- 
ласуы, бүл ағзаға аламыш реңді «мәрмәр» түс береді. Дерт процесі көпке 
созылған жағдайда сүт безін тіліп қарағанда өліеттенген телімдер мен жаңа- 
дан пайда болған дэнекер үлпалар ұшырасады.
319


Іріңдеткіш жэне шірітуші микробтар қабаттасқан жағдайда желіннің 
паренхимасында сырты қабыршақтанған абсцессалар пайда болып немесе 
ұлпаның кейбір тұстары шіріп, процесс теріні де қамтып, онда тесілген орын- 
дар болуы мүмкін. Желін үсті сөл түйіндері шектен тыс үлғайып, қанға керне- 
леді, тіліп қарағанда суланып қызғылт түсті келеді. Бауыр сарғыш түсті, тіл- 
генде сусыз, көбінесе үлкендігі бүршаққа таяу өліеттенген телімдер кездеседі. 
Көк бауыр эдетте үлғайып, тысы керіліп, пульпасы қызыл-қошқыл болады. 
Бүйректерді қан кернеп, тіліп қарағанда суланып, қабығының асты қанталап 
түрады.
Жүқпалы мастит кезінде гангреналы метрит жэне перитонит, ішек пен 
қарынның жіті өтетін катарлы қабынуы жэне бүл ағзапардың кілегейлі қабы- 
ғының қанталауы жиі ұшырасады. Өкпе де жиі зақымданып, қанға толады, эр 
жерінде сарғылт, сүр түсті үсақ ошақтар кездеседі. Сөл түйіндері үлғайып, 
қанға толады.
Балау. 
Ауруға диагноз қою үшін індеттанулық деректер, клиникалық 
белгілері, патологиялық-анатомиялық өзгерістер ескеріліп, емшектен бөлін- 
ген сүйық пен патматериал зертханапық тексеруден өткізіледі.
Тікелей қой отарында сүтті мастидин немесе димастин сынамасымен 
жэне түндыру сынамасымен тексереді. Бүл зерттеулер мапды жалпы мас- 
титке тексерумен тақылеттес жүргізіледі жэне нәтижесі түпкілікті диагноз 
қоюға мүмкіндік бермейді, тек қана желінде қабыну процесінің бар не жоқ 
екенін айқындайды.
Түпкілікті диагноз қою үшін стерильді апынған желін секретін немесе 
өлген мап желінінің кесіндісін бактериологиялық зерттеуден өткізеді. Бак- 
териологиялық зерттеудің басты бір бөлігі эритроцитті агарда гемолизді зона 
түзетін микробтарды бөліп апып, оның өсіндік-морфологиялық қасиеттерін 
анықтап, апынған қоздырушының антибиотиктерге төзімділігі тексеріледі.
Емі. 
Ауырған қойларды бөліп алып, күтімін жақсартады. Ең апғаш мас- 
титтің белгісі біліне бастағанда ауырған қойға 100000-200000 ӘБ пеницил- 
линді күніне үш рет бүлшық етіне жібереді, ауызынан күніне екі рет 1-3 г 
норсульфазол береді. Сонымен қатар, күніне бір рет емшектің үрпінен желін- 
нің зақымданған бөлігіне 50 000-100 000 ӘБ пенициллин немесе стрептоми- 
цинді 10 мл физиологиялық ерітіндімен мастицид, мастисан сияқты бактерио- 
цидті эмульсияны жібереді. Бүл дэрілерді жіберер алдында емшектің үрпінен
1-2% соданың жылы ерітіндісін жіберіп, мүқият сауып тастайды. Малдың 
денсаулық күйіне байланысты емдеу 3-4 күнге созылады.
Алыс жайылымдағы мапды емдеу үшін үзақ уақыт әсер ететін препарат- 
тар: бицилин-3, дибиомицин эмульсиясы қолданылады. Абсцесса мен гангре- 
на болғанда желінді тіліп, іріңін шығарып, өліетін сылып тастайды да, орнын 
дезинфекциялаушы ерітіндімен жуады.
Соңынан антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарын қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет