Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет255/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Індеттік ерекшеліктері. 
Ауруға тек қана ешкі шалдығады. Қолдаң қойға 
жүқтыруға болады, оның өзінде де барлық жағдайда емес. Табиғи жағдайда 
әдетте 3 жасқа дейінгі жас ешкілер ауырады одан ересек ешкілер мен еметін 
лақтар сирек шалдығады. Ауру қоздырушысының бастауы - ауру және ауы 
рып жазылған ешкілер. Олар микоплазманы жөтелгенде, танаудан аққан сора- 
мен жэне несеппен бөліп шығарады Қоздырушы аэрогендік жолмен жүғады. 
Шыққан ауру сол ауқымдағы жергілікті індет ретінде тұтанып, індет оша- 
ғындағы ешкінің барлығы дерлік шалдығады. Өлім көрсеткіші 90-100%-ға 
жетеді.
Дерттенуі. 
Кебенектің микоплазмасы өкпеге енген соң бронхалар ар- 
қылы бронха аралық ұлпаға өтіп, онда тез өсіп өнеді де, қабыну процесін 
тудырады. Сонымен ең алдымен альвеолалар зақымданады да, бастапқы пнев- 
мония ошақтары пайда болады. Олар ірі ошақтарға бірігеді де, сырты қабыр- 
шақтанып, өліеттенген телімдерге айналады. Бұның нәтижесінде өкпедегі ауа 
алмасуы бұзылады. Пневмония одан эрі өршігенде экссудативті процестер 
басым болып, плевраны да қамтиды. Дерт асқынғанда екі өкпені де зақым- 
дайды. Қабынған өкпе ұлпасы қызыл гепатизация, кейде сұрғылт гепатизация 
сатысында болады. Зақымданған қан мен сөл тамырлары тромбамен бітеледі 
де, өкпе ұлпасының өліеттеніп, шіріп, секвестрлер пайда болуына экеліп 
соғады. Бұдан барып дерттің бүкіл денеге жайылып, өлітию байқалады.
Өтуі мен симптомдары. 
Жасырын кезеңі 1-3 апта. А уру эдетте жіті, ал 
кейде созылмалы өтеді.
Жіті өткенде жануардың ыстығы бірден 41-42°С-қа көтеріледі, жүруі 
қиындап, отарға ілесе алмайды, жемшөпке қарамайды. Ауырған мал шөлдеп
жөтеледі, жөтелі жиілейді. Бастапқыда қүрғақ, қатты жөтеледі, кейіннен экс- 
судативті плеврит байқалғанда жөтел дымқылданады. Танауынан бастапқыда 
сұйық, кейіннен қоймалжың іріңді сора ағады.
Өкпені тыңдағанда бастапқыда везикулярлық, кейіннен бронхалық ты- 
ныс естіледі, сырыл пайда болады. Қабырғаларының арасын басқанда жануар 
ауырсынады.
Ауру өршіген сайын жүректің қызметі бұзылып, жүрек соғысы жиілеп, 
тамыры лыпылдап соғады. Тынысы тарылып, демігіп, ыңырсиды. Кейбір жағ- 
дайда ауырған малдың қабақтары ісініп, көзінен ірің ағады. Буаз ешкі іш 
тастайды. Өлер алдында іші өтеді де, ауру бар болғаны 7-10 күнге созылады 
да, өліммен аяқталады.
Созылмалы өткенде аурудың белгілері бэсең байқалады, дененің ыстығы 
аумалы-төкпелі, негізінен созылмалы пневмонияның белгілері байқалады.
327


Малдың күтімі нашар болса ауру асқынып кетеді. Ауырған жануар тірі қалса 
да толық жазылып кетпейді. Өкпедегі дерт процесі толық өшпейді, оның қал- 
дығы ұзақ уақыт, кейде өмір бойы сақталады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет