Кебенек байқапған шаруашылыққа карантин қойылады. Барлық ешкілер
күн сайын тексеріліп, ыстығы өлшенеді. Ауру
байқалған ешкілерді жедел
бөліп алып, сойып, етін шартты түрде жарамды ретінде пайдапанады. Ауруы
күдікті (температурасы көтерілген) ешкілерді бөліп алып емдейді. Қапған
ешкілерді егіп, оқшаулап ұстайды. Ауру басылғанша
бұл мапды басқапармен
араластыруға тиым сапынады. Қораны мүқият тазалап, 2% белсенді хлоры бар
хлорлы эк ерітіндісімен дезинфекциялайды. Көңді биотермиялық эдіспен
зарарсыздандырады. Өлген
ешкілердің терісін тұздап, карантин алынған соң
әдеттегідей пайдаланады. Карантинді ең соңғы ауырған ешкі сойылған соң
немесе жазылған соң екі ай өткенде алады.
Атаулар мен ұғымдар
Кебенек, ешкінің жұқпалы плевропневмониясы, Pleuropneumonia infectio
sa caprarum, инфекционная плевропневмония коз. Mycoplasma mycoides
var.саргі.
Плевралық экссудат вакцина, эмульсиялық формолвакцина.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мәліметтер: ауру-
дың атауы мен анықтамасы,
тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше-
ліктері, дерттенуі,
өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер,
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
Тапсырма
Қазақ тіліндегі «кебенек» сөзінің эр түрлі мағынасын: киімнің түрі,
қиыншылық (ерді кебенек ішінде таны), тірі жүрген (кебенек киген келеді),
ешкінің плевропневмониясы,
ешкіге арналған қарғыс, т.т. зерделеп, түсінік
беріңіз.
330