Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет266/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Өтуі мен симптомдары
Жасырын кезеңі тым ұзақ 
1-3 
айға дейін созы- 
лады. Аурудың өрбуі баяу 2-8 айға дейін, кейде тіпті бір жылдан астам. Жал- 
пы дерттің дамуы зілсіз жэне зілді деп бөлінеді.
Зілсіз дамыганда
терінің эр жерінде, эсіресе, шоқтығында, мойынында
басында, кейде үмасы мен қынында, сырттан көрінетін кілегейлі қабықтарын- 
да бидайдың үлкендігіндей қатты түйіндер пайда болады. Зақымданған орын- 
дардағы сөл тамырлары жуандап, қатайып, сырттай білеуленіп, сипағанда
42-сурет. Індетті лимфангит кезінде мойын мен иыц терісінің
шектеулі зацымдануы.
339


бойындағы түйіндер білініп тұрады. Әлбетте маңындағы сөл түйіндері үл- 
кейіп, сипаганда қатайғаны сезіліп, ауырсынады. Кілегейлі қабықтары зақым- 
данса сұр түсті түйіндер пайда болып, кеңсіріктен болмашы іріңді сора ағады. 
Жалпы ауырған малдың күйі инфекция жеңіл дамығанда көп өзгермейді, ауру 
2-4 айға созылып, ақыры жазылады.
Ауру 
зілді
өрбісе дененің эр жерінде жүзден астам ірінді түйіндер пайда 
болып, олар тек теріде ғана емес, тері асты шелінде де кұрылады. Көпшілік 
түйіндер өзара өзек арқылы жалғасып, кейінірек қосылып, жарылған кезде 
үлкен терең жаралар пайда болады. Олар ұзақ уақыт іріңдеп жазылмайды. 
Әсіресе, сирақтардың зақымдануы көпке созылады. Кейін дэнекер үлпалар 
өсіп, жазылған аяғы шамадан тыс жуандап, шораяқтанады. Ауырған мал 
селқостанып, ыстығы көтеріледі, тез ариды. Ауру 6-8 айға созылып, зілді түрі 
негізінен малдың өлуіне экеп соғады.
Патологиялық-анатомиялық 
өзгерістер. Өлексенің терісінде көптеген 
іріңді түйіндер мен жаралар болады. Сөл тамырлары жуандап, көрініп түрады. 
Маңындағы сөл бездері үлкейіп, іріңдеген, кейбірі жарылған. Танаудың кіле- 
гейлі қабығында, жыныс мүшелерінде бозғылт-сары түсті түйіндер ұшыра- 
сады. Дэл осындай іріңді түйіндерді өкпеден, бауырдан, көкбауырдан да та- 
буға болады.
Балау. 
Ауру індеттанулық деректерді, іслиникалық белгілерін жинасты- 
рып, талдау негізінде анықталады. Оған қосымша іріңді микроскоппен қа- 
райды. Жарылмаған түйіндегі іріңді боямай-ақ төсеніш шыныда физиология- 
лық ерітіндімен араластырып, болмаса 10% күйдіргіш натрий ерітіндісіне 
салып қарайды. Егер іріңде криптокок табылса, аурудың балауы дүрыс бол- 
ғаны.
Ажыратып балау.
Клиникалық белгілері жэне індеттанулық деректер 
негізійде маңқадан айырады. Қажет болса маллеинмен «көз байқауы» реак- 
циясы арқылы тексереді.
Емі. Індетті лимфангит кезінде емдемейді, ауру малдарды жояды.
Иммунитет. 
Лимфангитпен ауырып жазылған жылқыларда өмірінің ая- 
ғына дейін төзімділік сақталады, демек ғүмырлық иммунитет пайда болады. 
Қолдан жасанды иммунитет тудырар препараттар элі ойластырылмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет