Алғашқыда дерт процесі терінің сырт қабығыңда дамып, бұрщақ дэнің-
дей іріңді түйіндер пайда болады. Егер дененің төзімділігі жоғары болса,
инфекциялық процесс одан эрі дамымайды. Мандам түйіндері қауашақтанып,
онда тұз жиналады да, қоршалады, біраз солып, тартылып қалады, ал кейбірі
жарылып, іріңі аққан соң ұзамай жазылып кетеді. Қоршалған түйіндегі крип-
тококтар 14-45 тэулік арасында өледі.
Төзімділігі төмен, әлсіз организмде
ірінді түйіндер қауашақтанбайды, қоздырушы тері асты шеліне өтіп, онда
үлкендігі орман жаңғағынан қаздың жұмырқасындай көптеген жаңа түйіндер
құрайды. Кейін олар жарылып, кейде бірімен-бірі қосылып үлкен
жаралар
пайда болады. Маңайындағы ұлпалар домбығып, ауыртпалы, ал сөл тамыр-
лары жуандап, сипағанда қатайып, оның бойындағы түйіндер білініп түрады.
Жақын орналасқан сөл түйіндері де зақымданады. Олар әдеттегідей үлкейіп,
сипағанда ауырады, тығыз,
кейде іріңді қалта пайда болып, жарылғанда ірің
ағады. Егер криптококтар ғана өтсе, онда процесс бойға жайылып, ішкі мүше-
лерде (өкпе, бауыр, бүйрек, т.б.) іріңді түйіндер қүрылады. Нэтижесінде ауыр-
ған мал қағынып өледі.
Достарыңызбен бөлісу: