Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет273/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Retrovi-
ridae
 
тұкымдастығының 
Lentivirinae
 
түқымдас тармағына жататың РНҚ 
геномды вирус. Оның басты ерекшеліктері кері транскриптаза белсенділігі 
және организмге енген соң бастапқы 4-6 сағат ішінде ДНҚ түзілуін тежеуші 
себепкерлерге сезімталдығы (бұл қезде провирустың екі орамды ДНҚ-сы 
түзіледі).
Вирус трипсиннің, РНҚ- аза жэне ДНҚ-азаның эсеріне төзімдІ, термо- 
лабильді, бО°С-та уыттылығын 30 мин. ішінде жояды. Қайнатқанда 1-2 мин., 
күн сэулесі әсерінен 1-3 сағат ішінде белсенділігін жоғалтады. 0 минус 2°С-та 
2 жылға дейін, глицеринде 7 ай, несеп пен садырада 2,5 айға дейін сақталады. 
Зардаптанған шөп пен жайылым 9 айдан соң қауіпсіз болады. Күз-қыс мез- 
гілінде сүлыдағы вирус 8,5 ай өткен соң ғана зардаптылығын жоғалтады. Қоз- 
дырушы кептіру мен шіруге төзімді.
Вирус химиялық зардаптардың әсеріне біршама төзімді, 2-3% калий пер- 
манганатының 20% сөндірілген жэне сөндірілмеген эк ерітінділері вирусты 
бейтараптай алмайды. Күйдіргіш натрий мен формалиннің 2% ерітінділері 
5 мин ішінде оның белсенділігін жояды, бірақ 5 мин өтісімен аммиак ерітін- 
дісімен қайтадан белсенділігін қаппына келтіруге болады.
Індеттік ерекшеліктері. 
Табиғи жағдайда жүқпалы анемиямен жылқы 
жасына, түқымына қарамай ауырады. Ауруға шалдыққан құлындар көбінесе 
өліп қапады. Сонымен қатар, пони, есек пен қашыр шалдығады. Есек пен 
қашыр жылқы мен пониға қарағанда тезімдірек келеді де, эдетте жітіден 
төмен немесе созылмапы түрде ауырады.
Ауру малдан сау малға вирус эдетте қан сорушы жэндіктер арқылы 
беріледі. Вирустың берілуі бірқатар себептерге байланысты. Ауру жіті өткен 
жағдайда жануардың қанында вирустың титрі өте жоғары болады. Мүндай 
малды ң қанын 0,01 мл мөлш ерде тері асты на немесе көк там ы рға ж іберсе
348


жылқы, әсіресе, құлын, жүқпалы анемияға шалдығады. Ремиссия кезінде 
қанда вирустың титрі өте төмен болады немесе мүлде болмайды.
Ауру қоздырушысының негізгі тасымалдаушысы сона болып есептеледі. 
Бұл жэндік вирустың механикалық тасымалдаушысына жатады. Маса мен 
шіркейдің амения вирусын тасымалдаудағы маңызы оншама емес.
Жұқпалы анемияның жіті өткен кезінде вирус сыртқы ортаға жануар- 
лардың эр түрлі экскременттерімен бөлінеді. Сондықтан ауру және сау жыл- 
қыларды бірге ұстағанда вирус' қажалған немесе сызаттанған тері арқылы 
жұғуы мүмкін. Әйтсе де аурудың жанасу арқылы берілу қаупі оншама емес.
Жүқпалы анемия негізінен жаздың күні қан сорушы жэндіктер шыққан 
мезгілде байқалады. Ал аурудың қысты күні байқалуы созылмалы өткен дерт- 
тің асқынуынан немесе қан қүю, вакцина егу сияқты эрекеттердің нәтиже- 
сінде болады. Бүл індет көбінесе түрақтанған инфекция ретінде балшықты
сазды жерлерде, орманды далаларда, өзенді, нулы, қан сорушы жәндіктері көп 
алқаптарда кездеседі. Бастапқыда бірер малда ғана байқалған ауру біраздан 
кейін жалпы білінуі мүмқің. Әдетте індет басталған соң 20-30 күннен кейін 
ауруға шалдығу көрсеткіші ең жоғары деңгейге жетеді. Жүқпалы анемияньщ 
таралу қарқыны жоғары да, өшуі баяу өтеді.
Далалы жэне шөлейт аймақтарда жүқпалы анемия эдетте кең тарал- 
майды. Мүндай жерде індеттің шығуы ауру жылқыны әкелуден болады. Жыл- 
қылардың арасында симптомсыз анемия вирусын алып жүру кең таралған. 
Ондай жануарлардың қанынан биопрепараттар (гипериммунды қан сарысуы, 
буаз биенің қан сарысуы) даярлап, пайдалану індетті таратуға себеп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет