сы болса, ауру клиникалық сипат алмайды. Ауырып жазылған малдар бір
жылдан артық бактерия алып жүруші болып қалады, сондықтаң щаруащы-
лықта жылма-жыл сақау
басқа шаруашылықтың қатысынсыз, ауру экелінбей-
ақ шыға береді. Іс жүзінде, тіпті сақау бблмаған жерлерде, күзде мал күйсіз
болса, енесінен бөлінген қүлындар арасыңда ауру бұрқ ете қалады.
Қоздырушы малға яегізінен ауа немесе алиментарлық жолмен жұғады.
Микроб организмге сумен, шөппен түсіп, шетен, тағы басқіа заттардан да .жұ-
ғуы мүмкін. Әлбетте, мал бірін-бірі иіскеп, пысқырғанда,
шағылысу кезінде,
емгенде ауру жұқтырады.
Негізінен сақау спорадиялық түрде байқалып, бастапқы кезде салыстыр-
малы түрде жеңіл өтеді де, көбінесе (3-4 аптада жазьщады. М ұндай.жағдайда
жайылым малының өлімге ұшырауы 5%-дан аспайды. Егер мал қамауда
(қорада) қолда тұрса, ауру тез тарайды. 2-3 айда барлық мал түгел ауырады.
Оның үстіне қоздырушының уыттылығы біртіндеіг арта береді де, өлімге
ұшырауы 25-70%-ға дейін жетеді. Мүнымен қатар, сақа жылқылар да ауырып,
аурудың зілділігі артады. Сақаумен жылқылар жылдың кез келген мезгілінде
ауыра береді, эсіресе, жазда биені саууға байлағанда жэне күзде қүлын бөлген
уақытта жиі кездеседі. Құлынның күтімі нашарлауы, суык немесе ыстық,
жауын-шашын организмнің
резистенттілігін төмендетіп, аурудың шығуын
тездетеді.
Дерттенуі. Сақау стрептококтары денеге енген соң олардың токсин-
дерінің әсерінен танау қуысы мен аңқаның кілегейлі қабықтары катарлы ірің-
ді қабынуға үшырайды. Аңқаның жіті қабынуынан малдың шөп жеуі мен су
ішуі қиындап, ентігу мен жөтел пайда болады. Қабынған алқым сөл түйіндері
тез үлкейіп, сипағанда тығыз,
ыстық болып, ауырсынады. Ауру басталғаннан
7-10 всүн ішінде олар іріңдеп (абсцестеніп) бір жерінен жүмсара, жұқарып ба-
рып, жарылады. Егер абсцесса сыртынан жарылса, онда үзамай қабыну экссу-
даты тарқап, дене қызуы төмендеп, іріңдеген жері дәнекер үлпалармен тола
бастайды. Мүрыннан аққан ірің тоқтап, 2-3 аптада мал клиникалық (сырттай)
жазылады. Егер
абсцесса аңқа ішінде жарылса, онда ірің кеңірдекке түсіп,
ұзамай сепсис басталады. Мүндай жағдайда элбетте мал өледі. Кейде ауру
мал бірден қүлайды да, ұзамай өліп кетеді. Көбінесе кеңірдектің кілегейлі
қабығы мен өкпе іріңді-катарлы қабынып, 2-3 күнде ауру мал өледі. Кей
жағдайда кеңірдек пен жуан бронхалар да іріңге бітіп қалуы мүмкін.
Күйі төмен, төзімділігі нашар жылқыларда сақаудың асқынған метастаза-
лық түрі жиі байқалады. Мұндай жағдайда қоздырушы сөл ағынымен қүлақ
түбіндегі, мойындағы, тіпті басқа да сөл түйіндеріне өтіп, оларды іріңдетіп қа-
бындырады. Стрептокок қанға түссе, өкпеде, бауырда, бүйректе, т.б. мүше-
лерде абсцесса метастазалары пайда болады. Денеге тараған қоздырушының
уынан зақымданған мүшелерде зат алмасуы бүзылып,;дененің ыстығы көтері-
леді,
лейкоцитоз дамып, жүрек жүмысы нашарлайды. Сақаудың асқынған
түрінде әсіресе, ішкі мүшелердің зақымдануы жиі өлім-жетімге экеп соғады.
Өтуі
Достарыңызбен бөлісу: