Оқулық. Алматы, 518 бет


Дауалау және күресу шаралары



Pdf көрінісі
бет267/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дауалау және күресу шаралары. 
Аурудан сақтану үшін шаруашылық 
территориясының індеттік ақуалын үнемі мүқият қадағалап отырады. Басқа 
жақтан әкелінген жылқыларды дауалау карантинге қойып, тыңғьшықты тек- 
серіп шығады, кілегейлі қабықтарын, теріні арнайы қарап, көреді. Бағып күт- 
кенде, мініп-түскенде жануарлардың жарақаттанбауына қолайлы жағдай жа- 
сайды.
Егер, шаруашылықта ауру шыға қалса, онда территория сау емес деп 
жариялап, карантин үйымдастырады. Карантиннің шарты бойынша мал әке- 
луге, әкетуге оларды ферма ішінде ары-бері ауыстыруға, сау жылқылармен 
бірге жаюға, пішуге, бие сауып, қымыз ашытуға тиым салынады. Ауру мал- 
дарды өлтіріп, терісін алмай жояды. Індет ошағындағы басқа жылқыларды
340


43-сурет. Зілді өткен індетті лимфангит кезінде терініц зақымдануы.
5 күн аралатып клиникаиық тәсілмен тексеріп отырады. Оларды басқа фер- 
маның малына араласпайтындай етіп пайдапанады. Ауру шыққан қораны
оның айналасын тазартып, эрбір 15 күн сайын дезинфекциялайды. Ол үшін 
5% фомалдегид ерітіндісін, 10% күйдіргіш натрий ерітіндісін қолданады. 
Қамыт-сайман, ер тұрманды 60°С формалдегид буында 1 сағаттай ұстайды. 
Ауру жэне дүлдәмал малдың көңін, жемшөп қалдықтарын жағып жібереді. 
Карантинді ең соңғы ауру мап қүртылып, ақырғы рет сау мал тексеріліп
дезинфекция жасапынған соң 3 ай өткенде алады.
/
j
Атаулар мен ұғымдар
Мандам, індетті лимфангит, Lymphangitis epizootica, эпизоотический 
лимфангит, 
бластомикоз, 
африканский can. 
Histoplasma farciminosum, 
Criptococus farciminosus.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мэліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше- 
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер, 
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет