Оқулық. Алматы, 518 бет


Патологиялық-анатомиялық өзгерістері



Pdf көрінісі
бет262/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Патологиялық-анатомиялық өзгерістері 
эр түрлі, аурудың қозу қар- 
қынына, потологиялық процестерінің даму ерекшеліктеріне байланысты. 
Өлексенің кеңсірігінде, терісінде маңқа түйіндері, ойылым, ірің, тыртық бо- 
луы мүмкін. Ауру жіті өткенде өкпеде, бауырда, көкбауырда, сөл түйінде- 
рінде жылтыр, әйнек тэрізді маңқа түйіндері сырт жағында қызарған бел- 
деумен қоршаулы болады да ортасында өліеттенген ошақтар кездеседі. Ал 
созылмалы өткен жағдайда қауашақтанған, тұз сіңіріп қатая бастаған түйіндер 
ұшырасады. Егер диагноз малдың тірі кезінде қойылған болса, онда өлексені 
союға қоспайды.
Балау. 
Ауру жіті дамыған жағдайда клиникалық белгілері айқын бай- 
қалса, онда диагноз қою аса қиын емес. Балау клиникалық талдау, індетта- 
нулық деректер негізінде іске асады. Егер ауру созылмалы немесе жасырын 
түрде өтсе, онда аллергиялық зерттеу жүргізеді. Оны маллеин қолдану ар- 
қылы іске асырады. Аллергиялық зерттеу үшін маллеинді көзге тамызып, 
теріге жэне тері астына жібереді.
Көзге тамызу (көз байқауы) жылқы жэне басқа малдар маңқасын 
анықтауда негізгі тәсіл болып саналады. Маллеинді арасына 5-6 күн салып, 2 
мэрте тамызады. Оны таза пипеткамен қабақты ашып, конъюнктиваға 3-4 
тамшы тамызады. Организмнің реакциясы маллеинді бірінші тамызғаннан 
кейін 3-6-9 жэне 24 сағат өткеннен кейін есепке алынады. Егер көзде іріңді 
конъюнктивит байқалса, онда реакция оң деп саналады. Көзде ірің жиналып, 
ол көздің бүрышынан шұбатылып ағып түрады. Мүнымен қатар кейбір жыл- 
қыларда танауынан ірінді сарысу ағады. Кейде оң реакция маллеин тамыз- 
баған көзде де болуы мүмкін. Ал реакция күмэнді болса, онда конъюнктива 
қызарып, қабақтары сәл қабынады, көзден жас ағып, аздаған ірің жиналады.
Егер реакция теріс болса, онда конъюнктивада өзгеріс болмайды, көз 
аздап қызарып, сәл жас ағады. Күмэнді жэне теріс реакциялы малдарға мал-
334


леинді бұрынғы көзге қайталап 5-6 күннен кейін жібереді. Реакцияны 3-6-9-12 
сағаттан кейін есепке алады. Маллеинмен тексергенде малды байлап ұстайды. 
Түйелерге маллеинді бір-ақ рет жібереді. Ал арық, элсіз, ауру меңдеген мал- 
дардың маллеинге реакциясы төмен болады.
41-сурет. Жылцыныц көз сынамасы бойынгиа маллеинге оц реакциясы.
Маллеинді тері астына көз байқауын жүргізуге болмайтын жағдайда жі- 
береді, мысалы, көз зақымданса, сондай-ақ, «көз байқауы» нақты нәтиже бер- 
месе, мұндай жағдайда алдын-ала малдың таңертең, түсте, кешке темпе- 
ратурасын өлшегенде, орташа дене қызуы 38,5°С-тан аспауы керек. 1 мл мал- 
леинді мойын терісінің астына жіберген соң келесі күні таңертең сағат 6 дан 
бастап кешке дейін эрбір сағатта ақырғы рет 24 жэне 36 сағаттан кейін дене 
қызуын өлшейді. Реакцияның нәтижесін дене қызуы мен терінің қабынуына 
қарай бағалайды. Егер қызуы 40°С-қа көтеріліп, 6-8 сағат бойы төмендемей 
содан біртіндеп қалпына келсе, маллеин жіберген тері ісініп, сипағанда ыстық 
екені білініп, ауырсынса реакция оң деп саналады.
Күмэнді реакция кезінде тері сәл ғана ісініп, дененің температурасы 
39°С-39,6°С аралығында болады. Кейде дене қызуы көтерілгенімен (40°С) 
тері реакциясы болмауы мүмкін.
Егер, маллеин жіберген жерде терінің қабынуы байқалмаса немесе сэл 
ғана болса, ал дене қызуы 39°С-қа дейін көтерілсе онда реакция теріс деп 
саналады.
Жалпы тері астына жіберілген маллеин 95% ауру малды анықгайды, 
бірақ, жұмысы көп, орындауы қиын.
Маллеинді тері ішіне жіберу тэсілімен асау, табындағы жылқыларды 
тексереді. Олар үшін 0,2 мл маллеинді мойын терісіне жіберіп, реакциясын 48 
сағаттан кейін есепке алады. Теріде ұстағанда ыссы, ауыртпалы, тығыз ісік
335


пайда болса реакция оң болғаны. Экспортқа шығаратын жылқыларды осы 
тәсілмен екі мэрте тексереді.
Комплемент байланыстыру реакциясымен маллеинге оң реакция берген 
малдың ғана қан сарсуын тексереді. Егер КБР оң нэтиже берсе жылқының де- 
несінде маңқа түйіні болғаны. Бұл реакцияның көмегімен маллеинмен тексе- 
рудің нэтижесі теріс болғанда маңқаға диогноз қоюға болмайды. Кей жағ- 
дайда бактериологиялық жэне гистологиялық зерттеулер жүргізіледі. Соны- 
мен қатар, мысық пен теңіз тышқанына биосынама қоюға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет