Ж ы лқы ны ң аурулары 11.1. Маңқа Маңқа
(Malleus, can) - созылмалы өтетін, өкпеде, танау қуысының кіле-
гейлі қабығында жэне терінің эр жерінде бірте-бірте жараға айналатын түйін-
дер пайда болуымен ерекшеленетін негізінен жылқы тектес жануарлардың
жұқпалы ауруы.
Тарихи деректер. Маңқаның клиникалық белгілерін алғаш рет б.д.д. IV
ғасырда Аристотель жазды. 1882 жылы ауру қоздырушысының өсінін Леф-
флер мен Шютц жасанды қоректік ортада бөліп алды. Ал 1907 жылы неміс
ғалымдары Шютц пен Шуберт ауруды балау үшін комплемент байланыстыру
реакциясын ұсынды. X. И. Гельман мен О. И. Кальнинг 1891 жылы жасап шы-
ғарған маллеин элі күнге дейін аллергиялық диагноз қоюға пайдаланылады.
Өткен уақыттарда маңқа жер шарының көптеген елдерінде кең таралған
болса, қазіргі кезде ауру тек Азия және Африка континенттерінің кейбір.елде-
рінде ғана ұшырасады. Қазақстанда маңқа 1940 жылдары жойылды деп сана-
лады.
Қоздырушысы -
Burkholderia mallei , бұрынғы атауы
Pseudomonas mallei - түзу немесе имек екі ұшы дөңгеленген, ұзындығы 1-5 мкм, ені 0,3-0,8
мкм, қозғалуға қабілетсіз бактерия. Патологиялық материалдан жэне жасанды
қорек ортадаң алынған жағындыда микробтар көбінесе моншақ немесе таспа
тэрізді жатады. Маңқаның қоздырушысы спора жэне қауашақ түзбейді, ани-
лин бояуларымен жақсы боялады, грамтеріс. Микробтың іш құрылысының
алашұбарлығы Леффлердің көк бояуы жэне Гимза бояуымен боялғанда жақсы
көрінеді.
Ауасыбағалы жағдайда 1-5% глицерин қосылған қарапайым қоректік
ортада өсе береді. Картоп қосылған қоректік орта бұл микроб үшін ажырату-
шы орта деп есептеледі, себебі мұнда қоздырушы өсіндері өзіне тэн түсі бал
тэрізді мөлдір сарыдан қоңыр түске дейінгі реңкті қамтиды.
Төзімділігі. Ауру қоздырушысы суда, шіріген материалдарда 30 күндей,
тұмсықтан аққан кепкен іріңде 15 күн өлмейді, 80°С-та қыздырса 5 минутта
өледі, 5% белсенді хлоры бар хлорлы әкте, карбол қышқылы (2%), күйдіргіш
натрий (1%), лизол, креолин (3%) ерітінділерінде тез өледі.