сол себепті бұл топтағы вирустар коронавирустар деп аталған. Вирус эпите-
лийге бейім келеді, эсіресе, аш ішектің кілегейлі қабығында,
өкпе ұлпасында
жақсы өсіп өнеді. Вирус сондай-ақ, торша өсінділерінде ,тез ! өсіп, жылдам
көндігеді. Тәжірибе жүзінде вирусты танау қуысына немесе қорек жолымен
беру
арқылы шошқа, итті ауыртуға болады. Бапау мақсатында биосынаманы
жас торайларға қояды. Зертханапық жануарлар ауырмайды. Вирус антигендігі
жөнінен бөлінбейді, біртұтас. Гастроэнтериттің вирусы сиырдың диареясы
мен Ауески ауруының вирустарымен интерференцияға түседі.
Аурудан айық-
қан шошқаның организмінде агглютинин, преципитин, вирус бейтараптаушы
антиденелерді анықтауға болады.
Төзімділігі.
Вирус эфир, хлороформ, натрийдін
дезоксихолатына сезім-
тал, ал трипсин, өт қышқылдарына, pH 3,0 пен 11,0 арапығындағы ерітін-
ділерде төзімді келеді. Төменгі температурада жақсы сақтапады. Мысалы, -
20°С-та 1,5 жыл, ал -28°С-та 3 жьілға дейін күшін жоймайды. Жарық пен
ультракүлгін
сэулеге аса сезімтал, сондықтан сыртқы ортаның қалыпты жағ-
дайында тез өледі. 56°С қыздырғанда 30 минутте,' күн көзіндегі сүйық нэжісте
6 сағатта, көлеңкеде 3 күңде күшін жоғаптады. Зардапты материалда ауру
қоздырушылық қасиеті 37°С жағдайында 4 күнде, an бөлме жағдайында 45
күнде жойылады. Карбол кышкылының 0,5%, 0,5% формальдегид, 2% күй-
діргіш натрий ерітінділері вирусты 30 минутте өлтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: