Атаулар мен ұғымдар
Щошқаның вирустық гастроэнтериті, Gastroenterits infeKtiosa suum, ви-
русный гастроэнтеритет свиней, Transmissible gastroenteritis virus. Вирустық
гастроэнтеритке қарсы ВГНКИ кұрғақ вирус вакцинасы.
Бақылау сұрақтары
1.
Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мэліметтер: ауру-
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше-
ліктері, дерттенуі, өтуі мен еимптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер,
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
12.6.
Жұқпалы атрофиялық
р и н и т
Жұқпалы атрофиялық ринит
(
Rhinitis atrofica infectiosa,
инфекционный
атрофический ринит) - созылмалы түрде өтіп, танаудың кілегейлі қабығының
сірі-іріңді қабынуымен, кеңсіріктің семуімен жэне бае сүйектерінің өзгеруі-
мен ерекшеленетін жүқпалы ауру.
Тарихи деректер.
Алғаш 1830 ж. ауруды неміс ғалымы Франк сипатта-
ды. ¥ зақ уақыт бойына ол жүқпайды деп есептелінді. Л. Радтке 1938 жылы
ауру жануардан алынған материалмен сау торайларды тәжірибе жүзінде
жүқтырып, аурудың жүқпалы екенін дэлелдеді. Бірақ, көгі уақытқа дейін оның
негізгі қоздырушысы анықталынбады. Әр түрлі ғалымдар аурудың негізгі
қоздырушысы ретінде микоплазманы, вирусты, пастерелланы, бордетелланы,
т.б. қабылдады. Соңғы жылдары көптеген мамандар аурудың негізгі қоздыру-
шысы
Bordetella bronchioseptica
деген тоқтамға келді. Оған негізгі дәлел
аталған микробтың таза өсіндіеі арқылы торайларды осы ауруға тэн клини-
калық белгілері бар дертке шалдықтыруға болатындығы.
Үстіміздегі ғасырдың 50-60-шы жылдары ауру дүниежүзінің көптеген
елдерінде кең таралып, 1958 ж халықаралық ветеринариялық конгресте ар-
найы мэселе болып қаралған болатын, содан бері қарай элі күнге дейін бұл
ауру күн тэртібінен түскен жоқ. Ауру шыққан шаруашылыққа үлкен экономи-
калық нүқсан келеді. Атрофиялық ринитпен ауьфған 6 айлық торайлардың
сол жастағы сау торайларға қарағанда салмағы 15-20 кг кем болады.
Достарыңызбен бөлісу: |