Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі
1-2 күннен бір аптаға дейін.
Аса жіті, жіті, жітіден төмен жэне
созылмалы өтеді. Процестің орын
тебуіне байланысты аурудың сепсистік-токсикоздық, өкпедегі, ішектегі, бу-
ындағы жэне аралас түрлері болады. Қозыда аса жіті жэне жіті өтеді. Бұзауда,
қүлында жэне торайда көбінесе жіті жэне жітіден төмен өтеді. Созылмалы
өтуі негізінен ересек төлде кездеседі.
Аса
жіті өткенде өлітию байқалады. Жас төл дірілдеп, денесінің ысты-
ғы 42°С-қа жетеді. Тыныс алуы жиілеп, демігіп, кеудесі сырылдап, танауынан
көбік ағады. Нәжісі сұйылып, қан араласады. Бірнеше сағаттың ішінде өкпе-
сінің домбығуы асқынып, өліп кетеді.
Ж іті өткен кезде ыстығы 41-42°С-қа жетіп, тыныс алуы мен тамырының
соғуы жиілейді. Конъюнктивасы қызарып, көзінен жас, мұрынынан іріңді
сора ағады. Жүрегі дүрсілдеп, тамырының соғуы нашар жэне ретсіз. Ауырған
төл барған сайын әлсіреп, қатты күйзеліп, 1-2 күн ішінде өледі.
Жітіден төмен өткенде малдың буындары зақымданады. Дертке шалдық-
қан буындары ісініп, ұстап көргенде қызынып, ауьфсынады. Ауырған төл
аяғын баса алмайды. Денесінің ыстығы көтеріліп, тез арыйды. Көзі шүңі-
рейіп, ішіне кіріп, тұрады. Қозылар мен торайлардың іші өтеді. Егер уақы-
тылы емделмесе 2-3 күн ішінде өліп қалады.
55-сурет. Стрептококкозбен ауырган цозыныц буындарыныц зсщымдануы. Созылмалы өтуі әдетте 2-4 айлық құлындар мен бүзауларда, ал қозылар
мен торайларда 1-2 айдан асқан кезде байқалады. Ауру негізінен артритке
қабаттасқан пневмония ретінде байқалады. Дененің қызуы айнымалы, оқтын-
оқтын іші өтеді. Әсіресе, өкпеңің қабынған белгілері айқын білінеді. Танаудан
қоймалжың жалқақтанған, кейіннен ірің аралас сора ағады. Аускультация
кезінде өкпесі сьфылдап, бронхалық тыныс естіледі. Бастапқыда жөтелі құр-
ғақ, кейіннен дымқыл болады. Барған сайын жөтелі жиілеп, жөтелгеңде ауьфт
сынып, мойынын созып, ыңыранады. Ауру үзаққа созылады, дұрыс емдеген
жағдайда жазылып та кетеді.
4 2 6