Фермада колибактериоз байқалған кезде туған бұзауларды профилак-
торияның секцияларына қабылдауды тоқтатады. Ауырған бұзауларды бөлек-
теп ұстап, емдейді. Бұзауға туа салысымен уызға қосып колибактериозға қар-
сы 80-100 мл гипериммунді қан сарысуын жэне колипротектан береді.
Коли-
протектаңды эшерихияның энтеропатогеңді сероварларынан даярлайды. Оны
уызбен 10 мл дозада екі күн қатарынан күніне 3-4 рет береді. Ауру байқалған
фермада санитариялық реттілікті күшейтіп, мал төлдейтін, жас төл тұратын
қораларды 4% күйдіргіш натрийдің ыстық (70°С)
ерітіндісімен, 3% белсенді
хлоры бар экпен немесе формалин аэрозолімен дезинфекциялап тұрады.
А та у л а р м ен ұ ғ ы м д а р
Колибактериоз, эшерихиоз, Colibacteriosis, Escherichiosis, Escherichia coli.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мэліметтер:
ауру-
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы,
індеттік ерекше-
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер,
балау, емі,
иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
Тапсырма
Бұзаудың колибактериозының алдын алу үшін буаз сиырды суалту және
төлдету, туған бұзауды уыздандыру ретін, бұл ауруға қарсы вакцина қолдану
шараларын жан-жақты, уақыт мерзімін көрсетіп негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: