Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет346/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

perfringeans 
микробының В типінің жэне оның токсинін қозының 
ішегінен табу ауруды балауға негіз болады. Токсиннің эсері байқалған жағ- 
дайда ак тышқанға бейтараптау реакциясын қою арқылы оның қай типке жа- 
татындығын айқындайды. Реакция қою үшін токсиннің әр типіне қарсы телім- 
ді қан сарысуы пайдаланылады. Егер ішектің ішінде токсин байқалмаса, бөлі- 
ніп алынған микроб өсінімен де бейтараптау реакциясын жүргізуге болады.
Ауруды сальмонеллездең, колибақтериоздан, коқцидиоздаң ажырату қа- 
жет. Дизентерия кезінде кезігетін ішектің кілегейлі қабығындағы ойық жара- 
қаттар аталған ауруларда байқалмайды. Ең бастысы бұл аурулардың телімді 
қоздырушылары арнаулы зерттеулер арқылы айқындалады.
Емі. 
Ауырған қозыға анаэробтық дизентерия мен қойдың жұқпалы энте- 
ротоксемиясына қарсы бивалентті антитоксиндік қан сарысуын жібереді. Ем- 
нің нәтижесі аурудың ең бастапқы кезінде ғана дұрыс болады. Бұған қосым- 
ша синтомицинді ішке 0,1-0,2 г. дозада күніне 2-3 рет 3 күн бойы жемге 
қосып, норсульфазолды 1 кг. массасына 0,04-0,06 г. күніне 2-3 рет береді. 
Дибиомицин 30-50 мың ӘБ/кг дозасында бұлшық етке жібергенде жақсы нэ- 
тиже береді.
Иммунитет. 
Ауырып жазылған қозыда белсенді иммунитет қалыптаса- 
ды. Ауруға қарсы поливалентті концентрацияланған гидроокись аллюминийлі 
(бродзот, энтеротоксемия, қатерлі домбығу жэне қозының дизентериясына 
қарсы) вакцина жэне осыған тақылеттес анатоксин қолданылады. Енжар 
иммундеу үшін жэне емдік мақсатпен қозының дизентериясына қарсы анти- 
токсиндік қан сарысуы және қозының анаэробтық дизентериясы мен қойдың 
жүқпалы энтеротоксемиясына қарсы бивалентті қан сарсуы шығарылады.
Дауалау және күресу шаралары. 
Аурудың алдын алу үшін буаз саулық- 
тарды дұрыс күтудің маңызы зор. Сондықтан қойдың рационының протеин, 
минеральді заттар жэне витаминдер жағынан кемістігі болмауын, жас төлге 
суық өтпеуін, астының сызсыз құрғақ болуын мүқият қадағалау қажет. Мал 
төлдететін қора-жайды жақсылап тазартып, дезинфекциялап, санитариялық- 
зоогигиеналық талаптарға сай ұстау керек.
Ауру шыққан отарда ауырған қозыны енесімен бірге оқшаулап, емдейді. 
Мал қорасын көңнен тазартып, 10% хлорлы әкпен, 5% креолин эмульсия- 
сымен дезинфекциялайды. Буаз саулықтарды туарынан бір ай бұрын бродзот, 
энтеротоксемия қатерлі домбығу жэне қозының дизентериясына қарсы поли- 
валентті вакцинамен егеді. Егілген қойда иммунитет 10-12 күн өткенде қа- 
лыптасып, қайталап еккенде 4-5 ай сақталады. Уыз арқылы берілген антиде- 
нелер қозыны дизентериядан сақтайды. Егер саулықтар уақыттылы егілмеген 
болса, қозыларды аурудан сақтау үшін оларға туа салысымен дауалық мақ-
431


сатпен жұқпалы энтеротоксемия мен дизентерияға қарсы қан сарысуын жібе- 
реді. Қозылар жем жей бастаған кезде ұнтақ жемге 0,5-1% мөлшерде емдік 
премикс (окситетрациклин 30,0 г цинк бацитрацині 15,0 г, фуразолидон 15,0 г, 
жарма Ікг) қосып береді.
Атаулар мен ұғымдар
Қозының анаэробтық дизентериясы, анаэробная дизентерия ягнят, Disen- 
teria neonatorum anaerobica, Clostridium perfringens тип B, поливалентті кон- 
центрацияланған гидроокись аллюминийлі брадзот, энтеротоксемия, қатерлі 
домбығу жэне қозының анаэробтық дизентериясына қарсы вакцина.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мәліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше- 
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер, 
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
432


14 map ay


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет