Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет6/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Салыстырмалытарихи сипаттау
белгілі бір жұқпалы аурудың бұрын- 
соңды байқалуын анықтайды, бұрынғы болған жұқпалы аурулардың қазіргі 
індеттік жағдайға әсерін зерттейді. Жүқпалы аурулар туралы өткендегі 
деректерді мынандай ақпарат көздерінен алады: ауырған жануарларды тіркеу 
журналы, індетке қарсы шараларды тіркеу журналы, ауданның індет ахуалын 
тіркейтін журнал, актілер, есеп-қисаптар мен ресми статистика материалдары. 
Аталған құжаттарды пайдалана отырып ретроспективалық (өткендегіні) тал- 
дау жасалынады. Оның нэтижесінде аурудың динамикасы, маусымдылығы, 
кезеңділігі анықталынады. Жалпы алғанда салыстырмалы тарихи сипаттау -
індеттік ахуалға уақыт тұрғысынан хронологиялық талдау жасау болып 
табылады.
Салыстырмалы географиялъщ сипаттау
аурудың таралу ауқымын жэне 
індет ошағының қалыптасуына әсер ететін табиғи ландшафтық факторларды 
зерттейді. Нэтижесінде жұқпалы аурулардың белгілі бір әкімшілік аймақта 
(аудан, облыс) тексерілетін территорияның табиғи белдеулерінде таралуы 
туралы тұжырым жасалады. Салыстырмалы географиялық сипаттауды іске 
асыру үшін сол территорияның індеттік картасы мен нозогеографиялық кар- 
тасы пайдаланылады. Індеттік картада жұқпалы аурулардың әрқайсысының 
байқалған жерлері белгіленеді де (картада қазба байлықтарын белгілеген 
тэрізді), нозогеографиялық картада нақтылы бір аурудың таралу шекаралары 
көрсетіледі. Аурудың таралған аймағын нозоареал деп атайды. Осындай 
зерттеулер жұқпалы а)фудың таралуына картографиялық талдау жасау болып 
табылады. Сонымен салыстырмалы географиялық сипаттау арқылы белгілі 
бір аурудың кеңістіктегі моделі жасалынады.
Індеттанулъщ эксперимент -
тәжірибе ретінде қолдан жұқтыру арқылы 
жануарлардың арасында жұқпалы ауру таратып, індет процесіне бақылау 
жасау. Бұл бір ғана жануарға ауруды жұқтырып биологиялық сынама жасау 
емес, ауруды жасанды түрде жануарлардың арасында тарату. Мұндай тэжіри- 
бенің індеттану ғылымына індеттің таралуы туралы аса құнды мол мәліметтер 
беретіндігі даусыз. Індеттанулық эксперимент жасанды індет ошағында, ауру- 
дың одан тысқары тарап кетпеуін мұқият қадағалаған жағдайда өткізіледі. 
Бірақ бүл эдісті іс жүзінде пайдалану мүмкін бола бермейді. Сондықтан да 
практикада мұндай эксперименттен гөрі экономикалық шығын келтірмейтін, 
қоршаған ортаға қауіпсіз математикалық моделдеу мен індеттанулық болжау 
қолданылады.
9


{лтематикалық моделдеу
деп абстракциялық жолмен індет процесінің 
;т турлі көрсеткіштері арқылы індет процесінің моделін жасауды айтады. 
Ічдет процесінің математикалық моделі 
уаңыттың
жэне 
кеңістіктік
деп екі 
түрге бөлінеді. Індет процесінің 
уаңыттъщ
(хронологиялық немесе дина- 
микалық) 
моделі
індеттің басталу, даму, аяқталу кезеңдерін қарастырады. 
Кеңістіктік моделъ
болса, ол індеттің жайылу ауқымын анықтауға бағыт- 
талады.
Індеттанулыц болжау -
індет процесінің пайда болуына, оның өршу 
кезеңдеріне ғылыми болжам жасау. Нақтылы жұқпалы аурудың табиғаты 
туралы ғылымға белгілі мағлұматтарды, осы аурудың белгілі бір террито- 
рияда пайда болуына ықпал ететін табиғат пен шаруашылық жағдайларын 
ескере отырып індеттанулық болжам жасалады.
Болжамның 
цысца, орта
жэне 
үзац мерзімді
түрлері болады. 
Қысңа
мерзімді
болжам жыл маусымына байланысты індеттік жағдайдың өзгеруін 
қамтиды. Бұндай болжам маусымдық ауруларға қатысты жасалынады да, 
оның негізінде жыл маусымдарына байланысты малды ветеринариялық дом- 
дау, ауру қоздырушыларын тасымалдаушылармен күрес шаралары жүргізіле- 
ді. 
Орта мерзімді
болжам бір жыл уақытты қамтиды да оның негізінде 
індетке қарсы шаралардың жылдық жоспары жасалады. 
¥зац мерзімді
немесе 
көп жылдық болжам табиғи ошақты немесе созылмалы ауруларға қатысты 
жасалынады. Індеттанулық болжамның дұрыс болуы үшін екі бірдей шарттың 
сақталуы керек. Біріншіден, аурудың табиғаты мейлінше терең зерттеліп, ол 
туралы ғылыми мағлұматтар толық болуы шарт. Екіншіден, ветеринариялық 
есеп-қисап жұмысы дұрыс жолға қойылып, статистикалық көрсеткіштерде 
қате болмауға тиіс.
Күнделікті практикалық қажеттілікті өтеу үшін жан-жақты математика- 
лық модельмен індеттанулық болжам болмаған жағлайдың өзінде де індет 
жағдайын 
статистикалъщ талдау
арқылы қолда бар мәліметтерді бір жүйеге 
түсіріп, індетке қарсы шараларды жоспарлау мен ұйымдастыру ісін нақтылап 
отьфу қажет.
Жүцпсиіы аурулар мен ветеринариялыц санитарыя әдістері.
Жоғарыда 
қарастырылған әдістер індеттанудың өзіне қатысты болып табылады. Осы 
ғылымның екінші бір саласы 
"Жүцпалы аурулар
курсына келетін болсақ, 
оның өзіндік әдістері ауруды 
балау, емдеу
жэне 
дауалауга
байланысты үш 
топқа бөлінеді.
Жұцпалы ауруларды балау әдістері:
індеттанулык. хлиникалык, патоло- 
гиялық-анатомиялық, бактериологиялық, вирусолопіялык. серологиялық, 
аллергиялық болып бөлінеді. 
Емдеу әдістері
этиог: оигык жэне симптома- 
тикалық болып бөлінеді. Этиотроптық емдеуге телі.\і~ және телімсіз эдістер 
жатады. 
Дауалау әдістері
де телімді жэне телімсіз болып бөлінеді.
Індеттану курсында қарастырылатын 
ветериһ^гияіық санитарияныц
негізгі әдістері: 
дезинфекция, дезинсекция
жэне 
дератизация.
Балау, емдеу, 
дауалау жэне ветеринариялық санитария эдістер: келес тарауларда жан- 
жақты қарастырылады.
ю




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет