Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет3/77
Дата13.03.2023
өлшемі0,6 Mb.
#172120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
51b105703156b768745b2653bd121476

фразеологиялық түйдек 
деп аталады.
Фразеологизмдердің қазіргі қазақ тілінде аса мол кездесетін әрі жиі
қолданылатын ерекше өнімді типі бар. Бұл топтағы фразеологизмдердің
ішкі формасы (фоны, мотиві) анық, басқаша айтқанда «неге бұлай
айтылатындығы» айқын болып тұрады. Фразеологизмдердің бұл типі
көбіне метафора, теңеу т.б. фигуралар негізінде жасалады:
 санын соқты
«өкінді»,
 қол ұшын берді
«көмектесті»
 көзді ашып-жұмғанша
«жылдам,
тез»,
соқырға таяқ ұстатқандай
«анық».
Бұл тәрізді
фразеологизмдердің ішкі формасы айқын. Шындық өмірдегі іс-әрекеттің
қайталамасы тәрізді. Сондай-ақ бұл топқа жататын бірсыпыра
фразеологизмнің ішкі формасының ақиқат өмірде аналогиясы (фоны)
болмауы ықтимал. Мысалы,
қой аузынан шөп алмас
«жуас»,
қырық
қазанның құлағын тістеген
«қыдырымпаз»,
жұмыртқадан жүн
қырыққан
«сараң» тәрізді фразеологизмдердің ақиқат өмірде аналогиясы
жоқ (қойдың аузындағы шөпті ешкім барып жұлып алмайды, қазанның
құлағын ешкім тістемейді, жұмыртқада жүн болмайды т.б.). Бірақ бұл
фразеологизмдер метафора арқылы жасалған. Ішкі формасы сақталған,
метафораға құрылған, мағына тұтастығы жағынан жеке сөздердің
эквиваленті бола алатындай тұрақты сөз тіркестерінің семантикалық
типі 
фразеологиялық шоғыр
деп аталады.
Кейбір фразеологизмдердің құрамындағы сыңарлардың бірі
тіркестегі сөзге телімелі болса, енді бірі өзге сөздермен еркін
байланысқа түсе береді. Мысалы:
асқар тау, шалқар көл, сүмбіл шаш,
сәске түс, ит көйлек, бесін ауа, ақ таңдақ, ала көлеңке, ала құйын,
күдері жал, күдері бел, көктеп тігу, тірнектеп жинау, күрмеп байлау,
үш салар текемет, бір қайнатым шай, қозы көш жер, бие сауым
уақыт, тас қараңғы, жеті түн
т.б. Мұндай фразеологизмдердің
8


идиомалану дәрежесі жарым-жартылай ғана деуге болады. Өйткені бұл
топтағы тіркестің тиянақ болатын сыңарлары
(тау, бел, көл, шаш
т.б.)
өзге сөздермен еркін байланысқа түсе береді. Мысалы:
қыпша бел -
жіңішіке бел, нәзік бел; асқар тау - биік тау, үлкен тау
т.б. Тұрақты
тіркес сыңарларының өзара байланысы тең дәрежеде емес, сыңаржақ
сипатта болады, өйткені
 қыпша, асқар, үш салар
деген сыңарлар тек
 бел,
тау, текемет
тәрізді тірек сөздермен, үйреншікті сөздермен тұрақты
байланысқа түседі. Тұрақты тіркестің жарым-жартылай идиомаланған
түрін немесе мағына тұтастығы жағынан жеке сөздерге эквивалент бола
алмайтын типі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет