Халық тілінде байырғыдан келе жаткан тұрақты сөз орамдарының
(мақал, мәтел, қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер т.б.) сан алуан
сыры бар. Олай болатыны халық өзінің
өткен дәуірлеріндегі наным-
сенімін, түйсік-түсінігін, ой-қиялын, тыныс-тіршілігін аз сөздің аясына
сыйдырып, әрі нәрлі, әрі әрлі етіп ерекше өрнектей білген. Көнелікті ең
көп сақтаған «жаны сірі» сөздердің небір шоғырлары алдымен мақал-
мәтел, фразеологизмдердің құрамында шегенделіп қалған деуге болады.
Әрине,
сауда күсет болсын!
деген тұрақты тіркестің мағынасы жалпы
алғанда түсінікті, әйтеуір бір тілекпен айтылған сөз екенін аңғаруға
болады. Бірақ осындағы
күсет
жеке
алғанда қандай мағыналы сөз
екендігі мүлде белгісіз. Мұндай шешуі қиын «жұмбақтар» әсіресе, сан
атауларымен келген тұрақты сөз орамдарында өте көп кездеседі. Бұлай
болуы бір жағынан заңды да, өйткені байырғы кездерде халық әр алуан
құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері,
сипаттарын санмен түйіп, санамалай айтып отырған.
Бірақ уақыт өте
келе сол сандар көмескі тарта бастады. Мысалы,
жеті амал, бес қонақ,
үш арсыз, жеті жұт
тәрізді тіркестердегі
жеті, бес, үш
сөздері сандық
мәннен айрылып, жұмбаққа айналып барады. Олардың түп төркіні нені
білдіретінін екінің бірі таратып бере алмайды. Сөз де сырсандық тәрізді.
Сәті түсіп, кілті табылғандай болса, көп нәрсені баян етіп, халықтың
өткендегі ой-қиялы, тыныс-тіршілігі, дүниетанымы туралы сыр шертіп
тұрады.
Олай болса, ендігі сөз жұмбақ жетілер туралы.
Жеті қат көк, тоғыз қат көк
тіркесін қазіргі қолданысымызда
«шырқау биік, шексіз аспан» деп түсінеміз. Бұл жерде
жеті -
сандық
мәнінен айрылған сөз.
Жеті қат көк –
байырғы шығыс
астрономдарының кеңінен қолданған термині.
Мұндағы
жеті
саны
«жеті планетаға» сәйкес келеді:
Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Қызыл
жұлдыз (Марс), Мүштәри (Юпитер), Сатурн.
Осы жеті жарық шығыс
астрономиясында
жеті қат (қабат) көк
деп аталады. Бұл - ІV-V
ғасырдағы Сирия-грек ойшылы Диносийдің космологиялық түсінігіне
байланысты жүйесі. Ортағасырлық дәстүрлі түсінік
бойынша әлемнің
кіндігі – жер, одан кейін
жеті қат көк,
ал бұдан әргі тоғызыншы қабат -
ғарыш
деп аталса керек.
Дүние жаратылысы туралы бұл модельді Жүсіп Баласағұн, Әлішер
Науаи тәрізді шығыс авторлары өз шығармаларында сөз ету дәстүрін
берік ұстанған. Қазақтың ескіше оқыған ақын-жыраулары кейде осы
13
дәстүр бойынша өз жырларында
жеті қат көк, жеті ғалам, тоғыз қат
көк
деген сөз орамын қолданып отырған:
Жеті ғалам астында
Дауысың кетті алысқа
Өзіңнен өрнек жайылды.
Жақынға туған қалысқа
(ХVІІІ-ХІХ ғ. қазақ ақындары).
Қазақтың байырғы
жырларында кездесетін
ғарыш
сөзі әуелде
«көктің тоғызыншы қаты» деген мағынаны білдірген:
Патшасысың құдая,
Он сегіз мың ғаламның
Ғарыш пенен Күрсінің
Лауық пенен Қаламның
Жаратқан Алла жар болып,
Бақытын ашқыл баламның
(«Қыз Жібек»).
Бұл
жырдағы
күрсінің
мағынасы – «мінбер», «тақ», «тоғызыншы
аспан» ал,
лауық
сөзі «жазу тақтасы», немесе «тағдырдың жазуы
жазылатын тақта» деген діни нанымды аңғартады. Байырғы жыр
мұраларда күрсімен қосарлана
арсы
сөзі де қолданылған:
Арсы менен Күрсіні айт,
Лаухы менен Кәлемді айт
Құдіретімен жаратқан
Он сегіз мың ғаламды айт (
Бұқар
).
Мұндағы
арсы
«ғарыш» сөзінің дыбыстық варианты.
Достарыңызбен бөлісу: