Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У


гипербола - қыл өтпестей; ине шаншар жер жоқ; түймедейді түйедей етті,  литота



Pdf көрінісі
бет5/77
Дата13.03.2023
өлшемі0,6 Mb.
#172120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
51b105703156b768745b2653bd121476

гипербола
- қыл өтпестей;
ине шаншар жер жоқ; түймедейді түйедей етті, 
литота
 - түйедейді
түймедей етті,
синекдоха
- ауыздыға жол, аяқтыға сөз бермеді,
оксиморон
- жаңбыр жаумай мойнына су кетті; ақпанда ақ жауын
тіледі, күн ашықта басына бұлт үйіріледі; жіпсіз байланды, ілгері
басқан қадамы кері кетті,
плеоназм
- ауыздан-ауызға тарады; ақыр-
аяғы, кетпен-таяғы,
синоним
- жуып-шайып отыр, айналасы аман,
төңірегі түгел; 
антоним
 - ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс; не өліде,
не тіріде жоқ,
каламбур
- жақсы ашушаң болмас, ашушаң жақсы
болмас; асыл биасыл болмас, биасыл асыл болмас
т.б.
Көркем тіл кестесіндегі фразеологизмдердің құрамы да әр алуан
болып келеді. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сынды көркем сөз шеберлерінің
бір ғана шығармасы, я болмаса бір ғана әңгімесінің өзінен шығу тегі
жағынан жалпыхалықтық (диалект, қарапайым сөз, сөйлеу тілі, әдеби
тілге қатысты) фразеологизмдердің түр-түрін кездестіруге болады.
Сондай-ақ жазушы тілінің лексика-фразеологиялық арсеналы өзіне
дейінгі сөз зергерлерінің тұрақты тіркес түріндегі қолтума
қолданыстарымен, аударма фразеологизмдермен байи түседі. Сөйтіп,
шығарма тілі өзінің лексика-фразеологиялық құрамының әр
алуандығымен де оқырманды өзіне баурап отырады. Мысалы,
Ғ.Мүсіреповтің «Атақты әнші Майра» әңгімесінен жалпыхалықтық
тілдегі фразеологизмді де, белгілі авторға тән қолтума үлгілерді де,
аударма фразеологизмдерді де ұшыратамыз:
6
Когыленко М . М . , Попова З.Д. Очерки по обшей фразеологии. Воронеж, 1972, 15-б.
11




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет