серіктес сөздер
болады. Олар фразеологизмдерді
контекспен үйлестіріп тұрады.
таза, тап-таза
жылан жалағандай
түк қалдырмады
тып-типыл қылды
119
ұқсас
егіздің сыңарындай
аумаған
айнымаған
кенелді
шаш етектен
мол
асады
зиянға батты
әдемі
көз тойғандай
мол
табысы мол
шаш етектен
қарызы асады
нәрсе жоқ
көз тоқтатар
зат жоқ
еш нәрсе жоқ
көрді
көзінің қарашығындай
сақтады
ардақтады
мол
көз сүріндірер
көп
әдемі
120
Фразеологизмдердің өзі ғана емес, оның серіктес сөздерін де дұрыс
қолданбау фразеологиялық нормаға нұқсан келтіреді. Мұндайда контекст
мағына дәлдігінен айырылып қалады. Фразеологиялық нормадан жөнсіз
ауытқудың мұндай типін мына тәрізді мысалдардан айқын байқауға
болады:
Портфелімді қолыма алып, асыға басып мектепке келдім.
Кластың іші жылан жалағандай тірі жан жоқ
(Лениншіл жас, 1982, 19
тамыз).
– Жарайсың Кебекбай. Қазіргі жағдайда орман – маңызды
обьект. Көзіңнің қарашығындай қарар деп сенем
(Қазақ әдебиеті, 1981,
18 қыркүйек).
Ауызша шежіренің де, хатқа түскен жазба деректердің
де көрсетуінше қазақ пен қарақалпақ түркі тілдес халықтар ішінде
егіздің сыңарындай жақын
(Қазақ әдебиеті, 1981, 12 маусым).
Бүгін
аспанда көз сүріндірер шөкімдей бұлт жоқ
(Ж.Бақадыров. Қос қайың).
Қыркүйек қалай басталды, солай бұл араның балықшыларының
тірліктері шаш етектен асып сала беретіні әдетке айналғалы қашан
(Лениншіл жас, 1983, 21 қыркүйек).
Сауда тәртібін бұзу деген шаш
етектен асады. Үстеме баға косып сату, нағыз керекті заттарды
тығып сату дегеннің көкелері бар
(Социалистік Қазақстан, 1981, 1
желтоқсан).
Фразеологизмдердің әсіресе олардың бейәдеби топтарының
стильдік-экспрессиялық реңктерін елеп-ескермей, кез келген контексте
беталды қолдану мәтін тілін шұбарлап, тартымсыз көрсетеді.
Қарапайым бейәдеби фразеологизмдердің экспрессиялық ренкі, бәсең
мазмұны контекстегі салтанатты, көтеріңкі үнмен үйлеспей, оғаштау
сезіліп тұрады. Әсіресе репортаж, көркем очерк, хроника жанрында
олардың талғаусыз жұмсалуы материалдың мазмұнын төмендетеді.
Бірнеше мысал:
Бұл күнде егінжайға көңіл елеңдей береді. Саржағал
алқаптардағы – сары атан түйелердей сартап болып, сыралғы
мінезбен жұмыстың түбін түсіріп жүрген дала кемелерінің қарымын
қызықтау қандай ғанибет
(Лениншіл жас, 1983, 23 қыркүйек).
Москва
олимпиадасының чемпиондары классикалық күресті жаңаша
дамытудың жарқын өкілдері болды. В.Благидзе, Ш.Серіков, Ш.Русу
және Н.Невеньилер техникалық әдістерді судай сапырды, белдесулерін
техникалық тұрғыдан тамаша өткізе білді, ал Ж.Үшкемпіров,
Г.Райков, С.Миглакс, Ф.Кочиш, Г.Корбан және А.Колчинскийлер
тамаша техникалық әдіс пен тактикалық жоспарларын ғаламат дене
күштерімен ұштастырғандар
(Лениншіл жас, 1981, 18 тамыз).
Ал,
121
кәсіпқойлар кірісіп те кетті, ... білектерін түрініп. Аннан қашқан,
мыннан қашқандардың басын құрап әкеліп отырған Америка Құрама
Достарыңызбен бөлісу: |