жүннің»
нәзік қызға қандай қатысы бар? Қысқасы, фразеологизмнің
бейнелілігі мен семантикалық структурасы бұзылған.
Фразеологиялық орамның лексикалық
құрамын өзгерту көбіне
«мотивация» іздеумен байланысты. Мысалы,
жауырды жаба тоқу
дегеннің неге бұлай айтылатындығы белгісіз. Неге «жауырды тоқу»?
Осымен байланысты кейбір авторлар
тоқу
сөзін мазмұны жағынан
үйлесімді сөзбен тіркестіріп, фразеологизмді
жабуды жаба тоқу
деп
жаңғыртады.
Десе егер ер еңбекпен өмір егіз. Бұл – село куәсының өзі
деңіз. Жабуды жаба тоқып жөнелмейтін, жасырсам, оны халық көрер
кейін
(Айтыс). Бірақ мұндай өзгерту фразеологизмнің «кемшілікті
бүркемелеу» деген мағынасымен үйлеспей тұрады.
Фразеологиялық
түйдектің «неге бұлай айтылатындығын» тек диахрония тұрғысынан
ғана түсіндіруге болады.
Тоқу
сөзінің байырғы архаизмге айналған
мағынасы – «ерттеу». «Қырғыз, ұйғыр тілдерінде
ат ерттеу
дегенді
ат
тоқу
дейді
74
.
Тоқымымды салып кетті
дегенді
Торғай қазақтары
тоқымымды тоқып кетті
75
түрінде айтады. Міне,
тоқудың
байырғы
мағынасын реконструкциялау фразеологизмнің фонын (ішкі формасын)
ашып береді.
Достарыңызбен бөлісу: