орындауында «Бейбітшілік берік қолда» әні залды жарып жіберердей
шырқалды
(Сонда).
Осы үзіндіде орашолақ құрылған тіркестер
(...қызыл барқыттан
тігілген клуб сахнасы..., ...төрт қатар етіп тізілген сахна..)
; басы
артық сөз қолданыс – тавтология (
шымылдық перде, концерт номерін
жариялаушы конференьсе);
сөз
мағынасының байыбына бармай
қолдану (
сегізінші, тоғызыншы, оныншы кластың жастарынан...
Сонда, бұл кластың қарттары да болғаны ма?); ресми қолднысқа тән
тізбектер мен сөйлеу тіліне тән элементтердің араласып кетуі
(Ұлы
Октябрь мерекесімен құттықтап, ұстаздар мен шәкірттер атынан
ізгілік білдіреді... шеттерінен шертіп жүріп; залды жарып жібере
жаздады)
т.б. көркем тіл кестесіне мүлдем жанаспайтын қырық құрау
шикі қолданыстар. Ешбір оқушы мұндай дүмбілез дүниелердің
«Жұлдыз» тәрізді беделі биік көркем әдеби журналдың беттерінде
жүруін еш қаламас еді.
Қазіргі көркем шығарма тілінде газетизмдер көбейіп бара ма деген
күдік те бар. Әрине, бұл жерде газет тілі (публицистикалық стиль)
көркем шығарма тілінен төмен немесе іс қағаздары тілі ғылыми әдебиет
тілінен нашар деуге болмайды. Ондай көзқарас аты-жөнімен теріс. Еш
уақытта өлең тілімен өтініш жазып, қаулы қабылдай алмайсыз немесе
газет қызметін романмен ауыстыра алмайсыз. Әрқайсысының қоғамдық
өмірдегі орны әр басқа. Әңгіме белгілі бір стильде орын тепкен тілдік
амал-тәсілдерді екінші бір стильге араластырып жіберуде болып отыр.
Автор бөгде стиль элементтерін талғаусыз жұмсағандықтан, сөйлеу
тіліне тән реңкті шынайы бере алмаған.
Қазіргі кезде
көгілдір отын (газ), қанатты металл (алюминий)
көгілдір экран (телевизор), дала кемесі (комбайн), ақ алтын (мақта)
т.б.
толып жатқан метафоралық тұрақты тіркестерді газет-журнал
бағаналарынан, микрофон материалдарынан жиі кездестіреміз.
Радиодан:
Бүгін көгілдір экраннан өнерпаздардың концертін
тамашалай аласыздар
деп хабарлап жатады. Публицистика аулына тән
мұндай сөздерді өсіп-өнген топырағынан айырып, екеуара сөзде (сөйлеу
тілінде) қолдану, мысалы магазиннен кеше
көгілдір экран
сатып алып
едім деу, біреуге түсініксіз болса, біреуге күлкілі бірдеме болып шығар
еді. Бірақ, бір жақсысы, ешкім бұлай деп сөйлемейді. Ал осындай газет
фразеологизмдерін (публицистика элементтерін) кейбір авторлар роман,
125
повестерінде талғаусыз, стиль тезіне салмай жұмсай береді.
Изобилие
совхозы ала-құла піскен егінін әлден бөлектеп оруға кірісіп кетіпті.
Көгілдір көк жиекте қатар-қатар салған комбайндар тұманды теңіз
өрінде жүзген дала кемелеріне ұқсайды, Алипатовтың айтысында,
есілдіктер ырғалып-жырғалғанша Изобилие астығының жартысы
Отан қамбасына құйылып та үлгереді
(Р.Тоқтаров. Ғасыр наны).
Автордың
дала кемесі
дегені – комбайн да,
Отан қамбасы
деп отырғаны
– элеватор. Сонда қалай,
тұманды теңіз өріндегі комбайн
комбайнға
ұқсағаны ма?
Әңгіме автордың теңеуді сәтті немесе сәтсіз қолдануында ғана емес,
публицистикалық тілдің көркем әдебиет тілінен принципті
айырмашылығында. Әдетте журналист болмысқа басқа қырдан қараса,
жазушы оны өз танымы тұрғысынан бейнелей отырып,
тілдік амал-
тәсілдерді сол мақсатқа сай қолданады. Газет бағаналарында тұрақты
орын тепкен бейнелеуіш амал-тәсілдердің көркем тіл кестесіне бөтен
болып есептелетіні де сондықтан.
Достарыңызбен бөлісу: