SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023
20
ӘОЖ
821.512.122.09
МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТҰЛҒА
Картаева А.М., Ержанова У.Е.
C.Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры,
«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты
Өскемен, Қазақстан
Аннотация:
Мақалада Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы қазақ
халқының 19 ғасырдың 2 жартысындағы өмір тіршілігін, болмыс бітімін білдіретін
тарихи шығарма, басты кейіпкер тарихи шығармашылық тұлға екені арнайы сөз
етіледі.
Қазақ халқын әлемге танытқан ұлы туынды екені ғалымдар пікірлері арқылы
дәйектеледі. М.Әуезовтің айтқан пікірін негізге ала отырып, эпопеяның басты кейіпкері
шығармашылық тұлға екені нақтыланып, Абай ақынның кескін-кейпі, күйініш-сүйініші,
кейбір өлеңдерінің дүниеге келу тарихы, яғни, шығармашылық психологиясы
қарастырылады.
Кілтті сөздер:
роман-эпопея, шығармашылық тұлға, тарихи роман, ақын,
жазушы, шығармашылық психология, кейіпкер.
«Абай жолы» роман-эпопеясында қазақ халқының ұлттық мақтанышы, дана
кемеңгері Абайдың өлмес-өшпес, жанды бейнесі суреттеледі. «Абай жолы» әлем әдебиеті
тарихында ұлы шығарма ретінде қабылданған. Ол ізгілік пен сұлулықтың шарайнасындай,
ақындық даналық пен нәзік сыршылдықтың телегей теңізі іспетті. Суреткердің негізгі
мақсаты – Абайдың өмір-тарихын
ежіктеп көрсету емес, оның рухани кесек, бірегей
тұлғасын барша адамзатқа, ғаламзатқа ортақ өнердің жарық жұлдызы екендігін таныту.
Жазушы Абайдың кемеңгерлік, ақындық, қайраткерлік,
адамгершілік болмысын жан-
жақты терең аша білген», - деп ғалым С.Негимов «Абай жолы» эпопеясының құндылығын
атап көрсетеді [1, 107 б.].
«Абай жолы» – қазақ халқын әлемге танытқан ұлы шығарма. Халқымыздың дана
ойшылы, кемеңгер ұлы, классик ақыны Абай Құнанбаевтың ақындық,
гуманистік,
демократтық, қайраткерлік тұлғасын сомдай отырып, қазақ елінің жарты ғасырлық
тарихын, өмір болмысын, тыныс-тіршілігін, салт дәстүрін кең құлашпен суреттеп берген
дәуірлік туындысы.
Мұхтар Әуезовтің атын әлемге жайған, әлем әдебиетінде суреткерлік қолтаңбасын
қалдырған бас кітабы. Роман-эпопея мәңгілік тақырыпты қозғаған әр заманда да өзекті
болып келетін, сан ғасырлар адам баласының сүйіп оқи берер, рухани нәр берер байлығы
болып қалады.
Өмір тәжірибесі мен суреткерлік шеберлігі ұштала келе
Әуезовтің тарих тереңіне
бойлай отырып, басты кейіпкер – Абай образы арқылы бүкіл бір дәуірдегі халықтың
әлеуметтік, тарихи шындығын көрсететін көлемі жағынан ірі эпикалық туынды жазу
идеясы туындайды. Бұл идея жазушыға аяқ асты келген жоқ. Абай шығармашылығына
деген оның қызығушылығы жиырмасыншы жылдардан пайда бола бастайды: ұлы ойшыл-
ақынның өмірі, шығармашылығы жайлы
деректерді жинастырып, зерттеп, ол туралы
мақалалар жазады; ақынның жеке өлеңдерін бастырады; өзі тапқан тың деректермен
толықтыра Абай өмірбаянын жазады.