Тірек сөздер
: сандық ресурстар, жаңа трендтер, жаңа алаң, кәсіби даму
Жаңа трендтер-жаңа көзқарас тудырып, білімалушылар мен ұстаздар, ата-аналар
яғни білім саласына қатысты адамдар жаңа білім берудің заманауи әдісін бағалап үлгерді
деп айтсам артық болмас. Жаңа трендтер оқу-білім айналымына қосылып қана қоймай,
ақпарат көзін іздеу, жаңа білімдерді жедел әрі тиімді түрде үйрену қажеттілігі
туындағанда барша ұстаз қауымы үшін кәсіби дамуға ұмтылыстың жаңа бір білім алу
жолы болды. Біз оқытудың үйреншікті үлгілерінен ауытқып, жаңа форматтарын
белсендірек игеруге мәжбүр болдық. Енді, дәстүрлі мектептің жұмысы өзгеше болады.
Білім берудегі мобильділік оқытуда педагогикалық үдеріске қатысушылардың өзара
әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады,
олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу
және түзету.Ең бастысы, оқу сізге ыңғайлы уақытта және негізгі қызметіңізге кедергі
келтірместен өте береді. Бүгінгі таңда білім ошақтары инновциялық қызметтің біздің әрі
қарай дамуымызға ой салып, шығармашылық тұрғыда ойлануға үйрететін қашықтан
үйретуші бағдарламалар да , қашықтан білім беру курстары, тренингтер, семинарлар,
шеберлік-сыныптары, вебинарлар мен конференциялар,жаңа әдіс-тәсілдер т.б.толассыз
артып келе жатыр. Заманауи ақпараттық технологиялар ғасырында әр ұстаз өзіне қажетті
және қызықты нәрселермен шығармашылық тұрғыда айналыса алады. Оқытуда ұстаз бен
оқушы арасы қашық демесеңіз, ұстаз бен оқушы арасы бір-ақ қадам. Бірінші кезекте әр
оқушыны, тәрбиеленушіні ойлаймыз. Байқағанымыз білім алушылардың виртуалды
байланысып, қашықтық олимпиадалар мен байқауларға белсене қатысып, оқуға деген
мотивациясын, берілген тапсырмаларды шығармашылықпен орындап, жоғарлағанын көре
алдық. Ақпараттық технологиялар оқушылар үшін білім, білік, дағдыны игерудегі қажетті
ресурс болып отыр. Сонымен қатар, түрлі платформаларда жұмыс жасаудағы сандық-
мультимедиялық құралдары оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың
қуатты құралы. Бір сөзбен айтқанда оқушы-ұстаз-ата-ананың компьютерлік және
|