Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет23/83
Дата15.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#172607
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83
Байланысты:
9 2 ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ (1)

SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
21 
Абайдың өміріне байланысты жазба деректердің аздығы жазушыға көп қиындық 
туғызады. Сол уақытта болған көптеген оқиғалармен М.Әуезов жас кезінен таныс болған. 
Эпопеяда өзі сомдап шығатын болашақ кейіпкерлерінің кейбіреулерімен кездеседі. 
Ақынның өміріне қатысты жазба материалдармен қоса, ауызша деректерді жинағанын 
М.Әуезов өзі жазған болатын. «Мен роман жазбақ болғаннан кейін, керекті материалды 
әртүрлі жолмен өзім жинай бастадым. Абайдың жасы қазір жүз онға жуықтады, - өзі 
маған кездескен жоқ. Сондықтан, мен оның балалық, жастық шағын, жігіт кезін көрсету 
үшін, Абайды көзбен көрген адамдардың аздаған естеліктеріне сүйенуге мәжбүр болдым. 
Рас, өзімнің сол Абай шыққан жердің қазағы болғандығымның біраз пайдасы тиді: 
жасаңдау кезімде Абайды жақсы білетін адамдармен – кемпір-шалдармен кездескенім бар. 
Олардың кейбіреулері тіпті Абайдан бірнеше жас үлкен де адамдар еді...», - деп жазушы 
эпопеяға қалай материал жинағанын оқырманға түсіндіреді [2, 109 б.]. 
М.Әуезов эпопеяға материал жинамақ болып кіріскенде көп нәрсені аңдамай өткізіп 
алғанын өкініп айтады. Абайды көрген-білген адамдардың көбі қартайып қалғандықтан, 
олардың жадынан көп нәрселер шығып кеткені жазушыға қиындықтар туғызады. Абай 
өмірін биограф ретінде зерттеп жүргенде, М.Әуезов ақын өлеңдерін көп адамның аузынан 
жазып алып, 40 пайызын ғана қалпына келтіргені туралы мәлімет береді. Абай қайтыс 
боларынан сегіз жыл бұрын ғана шәкірттеріне өлеңдерін жинастыруды ескерткен. Сол 
жылдан бастап, ақын өлеңдерінің көбінің нақты жылы белгіленіп отырғанын М.Әуезов 
атап көрсетеді. Сондықтан «Абай жолы» роман-эпопеясын жазуда жазушыға Абай өз 
шығармашылығы арқылы көмекке келгенін мәлімдейді. 
М.Әуезовтің өз мәлімдеуіне қарағанда, «Абай жолы» эпопеясына қатысты 
материалдар тапшы болғандықтан, ақынның әдеби мұрасы басты деректерінің бірі болып 
саналады. Абай дәуірінің әлеуметтік шындығын терең де дәл түсінуден туған “Абай 
жолы” эпопеясының тарихи жағынан нақтылығына, оның көркемдік тұрғыдан 
суреттелуіне ақынның өз шығармашылығы да едәуір көмек болды. М.Әуезов Абай 
поэзиясын соншалықты терең түсініп, ақын жанының қыры мен сырын тану арқылы 
Абайдың бүкіл болмыс-бітімін, тыныс-тіршілігін көзбен көрсетіп, қолмен ұстата білді. 
Абай шығармалары сол дәуірдің әлеуметтік құбылыстарын ашуға көмек беретін жазушы 
үшін табылмас дерек көздері болды. “Ең анық деректер, - дейді М.Әуезов – Абай 
өлеңдерінің соңғы жылдарына жатады, бұл кезде ол өзінің достарына өлеңдерін бір 
кітапқа тиянақтауға рұқсат етті. Демек, маған өз шығармаларымен Абай көмекке келді, 
1885 жылдан бастап оның шығармаларының жылдары көрсетілген” [3, 400 б.]. «Абай 
жолы» эпопеясын жазарда ақын шығармашылығының көп көмекке жарағанын жазушы 
атап көрсетеді.
Екінші бір пікірінде жазушы сол ойын онан да гөрі нақтылай түседі: “Екінші 
кітапта, - дейді жазушы,- мен бірінші кітаптан гөрі Абайдың өлеңдеріне жиірек үңілдім 
және бұл заңды да өмірінің бұл шағында Абай өзінің бүкіл ойын, алған әсерлерін өз 
туындыларында қалдырып кеткен” [3, 403 б.]. Яғни, жазушы эпопеяның екінші кітабында 
Абай өлеңдерін көп келтіргенін ескертеді. Жазушының дерегі бойынша, жұмыстың осы 
бөлімінде «Абай жолы» роман-эпопеясындағы ақын өлеңдері мен қарасөздерінің 
қолданылуы мен оның жүзеге асуы мәселелеріне зер салып, арнайы зерттеп көрейік.
«Абай жолы» роман-эпопеясындағы басты кейіпкер жөнінде М.Әуезовтің өз сөзінде 
былай делінген: “...менің геройым – творчестволық тұлға, демек, қоғамдық құбылыс 
есебінде көрінетін оның қолма-қол қимыл-әрекетінің нәтижесі емес, творчестволық 
еңбегінің туындысы ғана. ...Геройымның сыртқы әрекетін ғана емес, ішкі творчестволық 
психологиясын, оның өмірді тікелей түйсінулерінің, сезіну-толқынуының нәтижесінде 
көрінген шындық құбылыстың сырларын, тіпті ақын шығармасының тамыр тартқан 
тереңін аша көрсетуге көп күш жұмсадым» [2, 107 б.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет