Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет24/83
Дата15.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#172607
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   83
Байланысты:
9 2 ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ (1)

SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
22 
Автордың өзі атап көрсеткендей, алдымен “Абай жолы” романы –халықтың 
кемеңгер ұлы, ойшыл, ақиық ақыны Абай туралы шығарма. Сол себепті онда күрделі 
қоғамдық, саяси-әлеуметтік құбылыстармен қатар, Абай ақынның кескін-кейпі, күйініш-
сүйініші, 
кейбір 
өлеңдерінің 
дүниеге 
келу 
тарихы, яғни, 
шығармашылық 
психологиясының қырлары көрініс табуы өте заңды.
«Абай жолы» эпопеясының жазылу тарихы туралы мақала жазуға М.Әуезовтің 
алдын ала даярланғанын оның ой-тұжырымдарын қысқа-қысқа тезис ретінде қағазға 
түсіріп отырғанынан байқауға болады. Мәселен «К беседе (о романе «Абай»), «К 
Выступлению о романе», «К лекции об «Абае» и «Пути Абая» деп аталатын қысқа 
жазылған шашпа пікірлерінен жазушының эпопеяда негізгі ұстанған концепциясының 
ішінен «Психология творчество» деген мәселені арнайы жеке алып қарастырғаны 
көрінеді. «Роман исторический, но о творческой личности», - деп жазушы арнайы 
сипаттама береді [4, 344 б.]. Бұл жазбаларынан Абай шығармашылығын суреттеу арқылы 
М.Әуезовке ақынның өмір сүрген дәуір болмысын, тарихи өмір шындығын, қоршаған 
орта тұрмысын көрсетуі тиіс екені көрінеді.
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының қалай жазылғаны туралы оқыған 
лекциясынан үлкен әсер алғанын айта келіп, ғалым Ш.Елеукенов жазушының сөзін 
келтіреді: «Мені өмірбаяндық мағлұматтардан гөрі, содан өрілген творчестволық ой-өріс 
дамуы көбірек ынтық етеді», - деді. Яғни, ақын шығармаларының тууына себепті болған 
шындықты сезіну, түсіну тереңдігіне бойлау керек» [5, 174 б.].
«Мұхтар Әуезовтің романы, ең алдымен, поэзия сазына толы, сиқырлы сұлу алыс 
жағалауға жетелейді. Ол алыс жағалау біз үшін кеңістік пен уақыт қойнауында, бірақ сол 
тылсым әлем бұл кітапта біздің қазіргі болмысымызбен қандай қоян-қолтық жымдасқан, 
өйткені ол халықтың тағдыры басқалардан ала бөтен ерекше болып саналмайды», - деп 
Андре Стиль «Абай жолы» эпопеясын оқығанда алған өзінің әсерін шабыттана жеткізеді 
[6, 42 б.]. Расында да эпопеяны оқып отырған оқырман өлеңмен өрілген поэзиялық 
шығарманы оқып отығандай әсерде болатыны анық.
М.Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясында негізінен көтерілетін мәселе –Абайдың 
ақындығы мен даналығы. Бізге мәлім тарихтағы Абай – ең алдымен ақын, ойшыл, 
философ, сазгер. Абайдың қоғамдық-гуманистік еңбегін оның ақындық қызметінен бөліп 
алып қарауға болмайды. Өйткені Абайдың “надан зұлымға кектеніп, шиыршық атып 
толғанғанда”, халқын прогресс пен өнер-білімге үндегенде негізгі құрал еткені – поэзия, 
яғни ақынның өз тілімен айтқанда “улы сия, ащы тіл”. Сондықтан да “Абай жолы” 
эпопеясында оның ақындығы жайындағы тақырыптың көрнекті орын алуы мейлінше 
табиғи әрі заңды.
«Абай жолы» роман-эпопеясында Абайдың кемеңгер ақын болып қалыптасуы қалай 
жазылғанын академик-сыншы М.Қаратаев былай сипаттайды: «...Ұлы ақынның кейбір 
өлеңдері мен әндерінің туу процесіндегі өнерпаздық актыларын, оның философиялық 
толғануларын сондай шеберлікпен қайта тірілткен. Абайдың ішкі дүниесін суреттегенде 
Әуезов еш жерде де оның мейлінше нәзік ақын жанының байлығын, сол жанның 
кереметтей сарындары мен құлпырған құбылыстарын көрсетуге сараңдық, іштарлық 
қылмайды» [7, 310 б.].
Абай поэзиясы эпопея үшін құнды дерек көздері болды. Бұл мәселе ғалым 
Е.В.Лизунованың “Современный казахский роман” деген монографиясының “Поэзия 
Абая – главный документ романа эпопеи” деген бөлімінде қарастырылады [8]. Аталмыш 
еңбекте эпопеяда кездесетін Абай поэзиясын шығарма мәтінімен салыстыра отырып, 
«Абай жолы» роман-эпопеясының басынан аяғына дейін Абайдың дәуіріне қатысты 
оқиғаларды баяндауда, образдар жасауда ақын шығармашылығына сүйенгенін көрсетіп 
береді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет