Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет66/83
Дата15.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#172607
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   83
Байланысты:
9 2 ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ (1)

SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
60 
Роберттің әрбір ойлары, пікірлері – жай ғана «жындының» сандырақтары емес, 
өмірдің шындығы, заңдылығы, нағыз ақиқат болатын. Роберт ақиқатты солай жеткізді. 
Оған қоса, өзінің ерекше қасиетінің арқасында айналасындағы адамдардың шынайы бет-
бейнесін көрді. Профессордың Роберттің тарихта аты қалуы үшін емес, өз атақ-дәрежесі 
үшін жан ұшырып жүргенін, өз әйелінің қанша жылдан бері опасыздық жасап келгенін, 
Священниктің бұрынғы өмірін, бәрін білді. Сол білгендерін көтеру оңай болмады. Тіпті 
өзінің жылағанын да байқамай қалды. Ең соңында, шығарма трагедиямен аяқталды. 
Әйеліне қағаз, қалам алдырып, күні бойы өз ойларын параққа түсіріп, сақалын алып
жуынып, тазаланып түнде өз-өзіне қол жұмсайды. Тіпті, мойнындағы жіпті көрпеқаптан 
жыртып алып, базарға сататындай біркелкі етіп, әдемілеп есіпті. Менің ойымша, 
Роберттің ақтық сапар алдындағы бұл ісі – мына жалған өмірден құтылғанына қуануы еді. 
Өйткені, тірі жүре берсе өзінің жаны тынышталмайтынын ол түсінген еді. «Ең үлкен 
бақытсыздық – бақыт атаулының болмайтынын сезіну»[3,] дейді ғой. Соған Роберттің көзі 
жетті.
Автор шығармада Роберттің шешесі айтқан ертегіні текке бермеген. «Шешем 
айтқан есікті ашып қойдым ба?» деп Роберт өзі ойланады ғой. Яғни, Роберт өзі білмеуге 
тиіс жайттарды білді. Тіршіліктің барлық құпиясын меңгерді. Өз «ақылынан азап» шекті. 
Роберттің ерекше қасиеті өзіне бақ емес, сор болып тиді.
Төлен Әбдіктің бұл шығарманы жазудағы стилі ерекше. Шығармада реализм орын 
алады, тарихилық Роберттің өзінің ойларымен ерекше суреттеледі. Оған қоса, 
Македонскийдің, Цезарьдің, Шыңғыс ханның, Наполеонның қанды жорықтары айтылады, 
пирамидалар жөнінде де қозғалады. Оған қоса, кейіпкерлер арасында тартыс бар: Роберт 
пен Священник екеуі бір-біріне пікірі, өмірге деген көзқарасы қарсы адамдар 
болғандықтан, олардың арасында тартыс орын алады. Шығармадағы автордың образ 
жасау ерекшелігі жоғары. Роберттің өзі есі бар кездегі, жындыханаға түскен кездегі 2 
образымен есте қалса, өзін ғана ойлайтын профессор мен арсыз әйелінің, еш кінәсіз 
көрінетін Священниктің де образдары ерекше. Шығармада шығармашылық шегініс бар 
десек те болады. Бұл Роберттің анасының ертегі айтуымен байланысты. Сол ертегідегі 
ашуға болмайтын, жұмбақ есік Роберттің өміріне арқау болғандай. Роберт сол есікті 
ашып, бақытсыздыққа ұшырағандай болады. 
Оған қоса, шығармада Роберт пен профессор, Роберт пен Священник, Роберт пен 
бас дәрігер арасында диалогтар болады. Бірақ, қашан да Роберт тек шындықты айтуға 
тырысады. Осы диалогтар арқылы әр кейіпкердің болмыс бітімі, мінезі ашылады. Оған 
қоса шығармада ішкі монологтың күрделі типі де кездеседі. Бұл, әрине, Роберттің ішкі 
толғанысы болатын. Сол ішкі ойлары Роберттің жанын жегідей жеп, соңы трагедиямен 
аяқталды. Өмірдің заңдылығы сол: ақиқатты айтқан адам не өлтіріледі, не өзі өледі.
Шығармада уақыт кеңістігі айқын көрінеді. Роберттің өткен шағы (балалық, 
жігіттік шағы), қазіргі шағы, тіпті Роберттің болашақты болжаған болжамы да беріледі. 
Менің ойымша, автор болашақты нақты, дәл болжаған. Ғылым мен цивилизацияның 
заманында адам әрі қорқақ, әрі батыр, адал әрі арам болады. Кез келген нәрсені қолдан 
жасауға болады, сондықтан да еш нәрсенің құны болмайтынын автор нақты жеткізген. 
Роберт айтқан бұл сұмдық дүние қазіргі таңда шындыққа жанасып жатыр. Бұл әрине 
өкінішті.
Адамның адамдығы жойылып, өмірдің мәні жоғалатынын автор сонау 70-жылдары 
айтып кеткен. Біздің мақсат – материалдық құндылыққа алданбай, рухани 
құндылығымызды арттыру, әр нәрсенің жетегінде кетпей, ойланып әрекет жасау. 
Ақиқатқа сенімсіздікпен емес, тура көзбен қарау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет