Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана



Pdf көрінісі
бет64/83
Дата15.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#172607
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   83
Байланысты:
9 2 ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ (1)

Түйінді сөздер:
 утопия, антиутопия, утопиялық және дистопиялық (жанр), 
фантастика, Т.Әбдіктің «Ақиқат» шығармасы 
 
Жалпы әлемдік әдебиет пен мәдениетте «утопия» және «антиутопия» терминдері 
бар. Бүгінгі күні бұл терминдерді білмейтін адам жоқ. Утопия көбінесе мінсіз болатын 
нәрсені, мінсіз болуы мүмкін шындықты білдіру үшін қолданылады. Утопия адамдардың 
үміттері мен армандарын бейнелейді. Бұл термин «мүмкін емес» деген сөздің синониміне 
айналған. Себебі, ол ұсынатын мінсіз қоғамдағы идеалды өмір адамдардың қолы 
жетпейтін сияқты болып көрінеді.
Утопияда билік те, адамдар арасындағы қарым-қатынас та идеалды түрде керемет, 
тамаша болады. Ондай қоғамда бәрі бақытты, бәрі тең болатыны белгілі. Утопияның 
осындай негізгі мақсатына Жерұйықты іздеген Асан қайғы атамыздың арманы жалғасады. 
Яғни, қазақ дүниетанымында утопиялық ілімнің бастауы ретінде өзінің халқы үшін 
желмаясына мініп ел кезіп, құтты қоныс іздеген Асан қайғыны, мәңгілік өмір іздеген 
Қорқыт атаны атаймыз. 
«Утопия» термині жайында филология ғылымдарының докторы, профессор 
Мүсілім Базарбаевтың теориялық анықтамасы бар. “Утопия – қиялдан туған, қол жетпес 
арманды бейнелейтін әдеби шығарма. Ең алғаш “Утопия” деген атпен шығарма жазған –
Томас Мор (1516). Кейін Томмазо Кампанелла – “Күн қаласы” (1602), Френсис Бэкон 
“Жаңа Атлантида” (1627) деген шығармалар жазған… Әдебиетке байланысты айтқанда, 
утопия сол идея, жобаларды шындық өмірде орнатқан қоғам адамдарының тұрмысын 
суреттеген туындылар ретінде ұғынылады…


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
58 
Қазақ әдебиетіндегі “Жерұйық”, “Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман” 
туралы ұғым-түсініктер – көркем қиялдан туған утопияның көрінісі. Утопиялық 
шығармалар кейін фантастикаға ұласқан. Бұл ретте қиялға ерік беріліп, тек әлеуметтік жай 
ғана емес, “ғылыми-техникалық прогресс қайда апарар еді, адамзатқа қандай жеңілдік 
келтірер еді?” деген де ауқымды жайларды қозғайды”. [1, 343б.] 
Утопиялық сарын қазақ поэзиясында Махамбеттен басталса, кейінірек аталмыш 
сапқа қосылған Мағжан Жұмабаев, Абдолла Жұмағалиев, Сәкен Сейфуллин, Саттар 
Ерубаев тағы басқалар да оның даму, кемелдеуіне творчестволық атсалысты. Қазақ 
прозасындағы утопия алғашында Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Сәкен 
Сейфуллиндердің шағын этюдтерімен көріне бастаса, қазірде, бір жағынан, әлеуметтік 
фантастикаға ұласып кететін дүниелерді көптеген замандас қиялгер-жазушыларымыздың 
шығармаларынан таба аламыз. 
Кейіннен адамдар идеалды мемлекеттік құрылымның болуы мүмкін емес екенін 
түсіне бастайды. Д.Свифт және Ф.Достоевский секілді жазушылар өз шығармаларында 
утопиялық идеяның жүзеге асатынына күмән келтіре бастайды. Яғни, барлық халық үшін 
тамаша, бақытты мемлекеттік болатынына сенбейді. Міне, осы кезден бастап утопияға 
қарама-қарсы бағытта «антиутопия» жанры пайда болады.
«Антиутопия» термині қазіргі кезде шартты түрде түсіндіріліп жүр. Оны кейде 
«негативті утопия», «неутопия», «какатопия», «дистопия» деген терминдермен де 
ауыстырып қолдану да кездеседі. Философия тарихынан бізге белгілісі - утопияның алғаш 
пайда болу негізі мен шарты өмірге көңіл толмаудан шыққаны. Осындай көңіл 
толмаушылық салдарынан автор өзі өмір сүріп отырған қоғамнан өзгеше, басқа баламалы 
қоғамды армандап, оның моделін ойлауға кіріседі.
Антиутопист-жазушылар сол кездегі тоталитарлық режим мен оның салдарын
адамзат баласын күштеп басқару нәтижесінде жеке адамның моральдық құлдырауы, 
рухани жұтаңдану, ұлттық кодтан айырылу секілді өзекті мәселелерді қозғаған. Өз елінің 
тағдырын жете ойлаған, елінің қамын жеген белгілі жазушы Төлен Әбдіктің 
шығармаларын оқысақ, автордың осындай өзекті мәселелерді астарлап жеткізгенін көре 
аламыз.
Төлен Әбдіктің антиутопиясы – қоғамда болып жатқан, автордың өзі көзі көрген 
әлеуметтік-саяси келеңсіздіктер. Ол діні, ділі мықты, ұлттық тілінің мәртебесі асқақтаған, 
ешкімге бағынбайтын, тәуелсіз елінің болғандығын қалаған.
Белгілі қаламгер Төлен Әбдіктің шығармалары 1964 жылдан бастап жариялана 
бастаған. Оның «Көкжиек», «Ақиқат», «Айтылмаған ақиқат», «Өліара», «Парасат 
майданы», «Оң қол», «Әке» т.б. шығармаларының қазақ әдебиетінің тарихына қосқан 
өзіндік үлесі бар. «Парасат майданы» повесі жайында белгілі жазушы Әбдіжәміл 
Нұрпейісов: «Төлен Әбдіктің бұл шығармасы – бүгінгі болмыстың ащы да өзекті 
шындығынан туындаған жан айқайы» [2],- деп ой толғаған. Автордың көркем 
шығармаларына идеялық тұрғыдан қарасақ, бәрі идеалды түрде керемет (утопиялық) 
оқиғалар мен келеңсіз оқиғалар, көңіл толмас жайлар (антиутопиялық) қатар берілген.
Автор адам баласының өмір мен өлім арасындағы қысқа ғұмыры осы мәңгі 
тайталаста өтіп жатқанын ашық суреттейді. Бұл реттегі жазушының басты материалы – 
өмір шындығы болса, басты құралы – сөз. Жазушы Төлен Әбдік сөз арқылы түрлі 
тұлғалар жасап, оларды да қуантып, қайғыртып, бір-бірімен тартысқа түсіріп, күреске 
араластырады.
Сөйтіп, өмір шындығында болып жатқан күнделікті құбылысты көркем образдар 
арқылы оқырманның көз алдына әкелген. Сөзімізге дәлел ретінде автордың «Ақиқат» 
шығармасын алып қарайық: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет