Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет65/83
Дата15.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#172607
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83
Байланысты:
9 2 ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ (1)

SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
59 
«Ақиқат» деп аталып, тақырыбынан бастап, оқиғаның соңына дейін «Бұл қандай 
ақиқат болды екен?» деп қызығушылық тудыратын, өмірдің заңдылығын шынымен 
дәлелдеп, адамның білім көкжиегін кеңейтетін бұл шығарма – өміршең, маңызы зор 
шығарма. Төлен Әбдік «Ақиқат» шығармасы арқылы тіршілік туралы мәселелерді, 
тарихи жағдайды, ащы шындықты жасырмай көрсетеді. Бұл шығармада тарихымыз да, 
сол кездегі жағдай мен тіршілік үшін күрес те, болашағымыз да айқын көрсетіледі. Бұл 
шығарманы автордың өзі «фантастикалық повесть» деп атаған екен. Менің ойымша, бұл 
фантазия яғни адамның қиялынан туған нәрсе емес, нағыз өмір шындығы, нағыз 
АҚИҚАТ. 
«Ақиқат» повесінің эпилогы ретінде испан халқының: «Әркім жәрмеңкені өзінің 
тапқан затына қарап бағалайды»[3, 256б.] мақалы алынған. Бұл шығармадағы жәрмеңке – 
адамның өмірі. Жәрмеңкеге адам бастапқы келгенінде ештенеден хабарсыз, түк білмей 
келеді де, әр нәрсені алып, көріп, дәмін татқаннан кейін бәріне қызығушылығы, 
құмарлығы артып, бойын қанағатсыздық билейді. Адамның өмірі де сол сияқты. Автор 
айтпақшы, адамдар «қанағатсыздық ауруымен» ауырады. «Өмірде барына шүкіршілік 
етіп, тоқтап қалған пенде жоқ»,- дейді автор. Ақыр соңында, адамның сол қанағатсыздығы 
өзінің түбіне жетеді.
Мен осыған дейін Төлен Әбдіктің өлім мен өмір арасындағы арпалысты 
суреттейтін, Алма есімді қыздың санасында болып жатқан процесті көрсететін «Оң қол» 
шығармасымен таныстым. Бұл шығармада да Алма - Роберт секілді ерекше тағдыр иесі.
Бұл шығармада да адам жанының беймәлім тұсы суреттеледі. Бірақ, «Ақиқатта» да, «Оң 
қолда» да оқиға трагедиямен аяқталады. Екі шығармада да «бақытсыздық» мәселесі 
қозғалады. «Оң қол» шығармасындағы «бақытсыздық – адамның өз денесінің өзіне жау 
болуы». Ал, «Ақиқат» шығармасында адамның өзінің ерекше қасиетінің өзіне жау болуы 
– үлкен бақытсыздық. Автордың 5 танымал шығармаларына енетін «Оң қол» шығармасы 
мен «Ақиқат» шығармалары осы психологиялық, философиялық толғаныстары тоғысқан 
«Парасат майданы» шығармасын оқуға деген құлшынысымды арттырды.
«Ақиқат» шығармасы - автордың философиялық-психологиялық толғаныстағы 
алғашқы еңбегі. Бұл шығарма полицейлер қанша іздеп, таба алмай, телепаттың көмегімен 
таппақ болған қылмысты Роберттің профессор, генералдардың алдында айтуымен 
басталады. Робертке бұл нәрсе ұнамай, қанша рет қарсы шықса да, профессор мен генерал 
айтпасына қоймайды. Профессор өзінің қара басының қамы, атағы үшін Роберттен мүлде 
айырылғысы келмейтін. Тіпті, Роберттің телепаттық логикасының дамығанына қайран 
қалып, қуанады. Өйткені, Роберт әрі елесті көреді, әрі ой қабылдайтын дәрежеге жетеді. 
Алайда, Роберттің адам, жаратылыс, өмір жайлы ойларының шарықтау шегі жындыхана 
болды. Өзінің жындыханада екеніне сенбеген, тіпті қашып шыққан Роберт соңында 
«тіршілік-үлкен аурухана» деп тіршіліктен қашып, өз аяғымен жындыханаға келеді. 
Өйткені, Роберттің өзі айтқандай: «Шындықты бала мен жындылар ғана айтуға тиісті. Біз 
жындылармыз!» [3, ]. Өзі «жындының» рөлінде жүріп қана шындықты айта алатынына 
Роберттің көзі жетті.
Профессор мен Роберттің мына диалогына назар аударсақ:
«…Болашақ тұнып тұрған фальсификация. Шындық пен жалғанның шекарасын 
таба алмаймыз. Өйткені бәрін қолдан жасаймыз. 
Бұл сұмдық қой, – деді профессор сыбырлап. – Адамзаттың санасымен жасалған 
осыншама заттың бәрін жоққа шығаруға бола ма?.. 
Мынау өмірдегі мән-мағына, қасиет, әділет деп жүргендеріміздің бәрі адамдардың 
өздері ойлап тауып жүрген дүниелері. Әйтпесе олардың жаратылыс заңының негізін 
құрауға еш қатынастары жоқ…» [3, ] 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет