Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет61/83
Дата15.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#172607
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83
Байланысты:
9 2 ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ (1)

SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
55 
В.Н. Морохин ертегіні «сирек кездесетін, кейде терең фантастикалық мазмұндағы 
фольклорлық прозаның тарихи қалыптасқан тұрақты эпикалық көркем туындысы, 
көбінесе ауызша жеткізу процесінде қатты бұрмаланған оқиғалар туралы баяндайды», - 
деп түсіндіреді. Ертегі дискурсы қарым-қатынастың алғашқы формаларының бірі болып 
табылады, ертегі дискурсы жеке тұлғаның тарихи дамуы мен санасының өсу кезеңін 
көрсетеді. Бұл терминнің ерекшелігін түсіну үшін фольклордың пайда болуы мен даму 
тарихын және ондағы ертегінің жетекші жанрлардың бірі ретіндегі орнын ескеру қажет. 
Ертегі дискурсы әрдайым лингвистердің де, әдебиеттанушылардың да назарын 
аудартып, зерттеу үшін күрделі, қызықты, әрі көп қырлы нысан болып табылады. Ертегі 
дискурсын зерттеудің өзектілігі лингвистердің адамзаттың этномәдени тәжірибесінің 
байлығы шоғырланған көркем мәтіннің тұжырымдамалық жүйесін зерттеуге көбірек көңіл 
бөлуімен байланысты. 
Түркі тіл білімінде ертегі дискурсының лингвомәдени сипаты (У.В. Каримова), 
ертегі дискурсындағы аударма мәселелері (Д.Ф. Шакиров, А.Ш. Юсупова) қарастырылды. 
Ертегі дискурсы салғастырмалы аспектіде (Ю.М. Брейгер), халық ділі тұрғысынан (Е.Ф. 
Бизунова, Ю.С. Городова), лингвомәдени өлшемдері (С.К. Кенжемұратова), ғаламның 
концептуалдық бейнесі (А.Т. Қасымбекова), тірек концептілер (А.В. Шаколо) тұрғысынан 
зерттеу нысанына айналды. Аталған еңбектердің басым көпшілігінде ертегі мәтін 
лингвистикасы аясында қарастырылғаны байқалады [10, 193]. 
 
О.А. Плахова «К вопросу о взаимодействии дискурса и жанра (на примере 
сказочного дискурса)» атты мақаласында дискурс пен жанрдың өзара әрекетін,
дискурс пен жанр дамуындағы бірдей үрдістердің орналасуын, сонымен қатар
жанрдың дискурстың маңызды атрибуты ретіндегі ерекшеліктері туралы баяндайды. 
Дискурсты зерттеуде лингвистер ертегі дискурсының және оның конститутивтік 
белгілерін айқындау мақсатындағы заманауи тәсілдің бірі ретінде белсенді түрде 
қолданатындығын айтады. Дискурстық және фольклорлық зерттеулердегі «жанр»
ұғымына салыстырмалы талдау жасап, ағылшын тілді ертегі дискурсына қатысты 
жанрлық өлшемдер мен ертегілік ғажайыптар туралы талдаулар жасайды [11, 33].
Филология ғылымдарының докторы, профессор В.Я. Пропп «Русская сказка» 
еңбегінде «...ертегі дискурсы тек өзіндік, өзіне ғана тән таңғажайыптылығын 
иеленген. Аталмыш жанр мәтінінде прагматикалық функнция түрлі деңгейде жүзеге
асады», – деп көрсетеді. Пропптың еңбегі мифологиялық, фольклорлық, әдеби мәтіндерді 
зерттеулерінің дамуына айтарлықтай әсер етті [8, 316].
Ресейлік ғалым М.В. Демина ертегі дискурсы туралы зерттеулерінде: «Ертегі
дискурсы –– көп ғасырлық тарих ағымында кодталған ақпараттың «әмбебап
қоймасы». Дискурстың бұл түрі ұлт менталитетін және этностың әлеуметтік-мәдени
әлем бейнесін неғұрлым терең көрсетеді. Бұл «дискурстың» өзіндік ұғымының 
көпмағыналылығымен және күрделілігімен байланысты», –деп пікір білдіреді. Н.А. 
Акименко ертегі дискурсын «ертегі контекстінде жазылған когнитивті және тілдік іс-
әрекеттің динамикалық процесі және оның нәтижесі, яғни ерекше әлеуметтік деректер 
түрінде ұсынылған мәтін», – деп санайды. Сонымен қатар ол «ертегі дискурсы көркем 
коммуникацияның алғашқы формаларының бірі, онда алғашқы сана мен әлемнің ежелгі 
бейнесі көрініс тапқан», – деген пікір жазды. 
Ертегі дискурсы Л.П. Ковальчуктің пікірінше: «адресат пен ... ертегі авторы немесе 
ертегі жинақтаушысы арасында жүзеге асырылатын, уақыт пен кеңістіктегі алыс 
оқиғаларды баяндайтын, белгілі бір композициялық–стилистикалық құрылымға ие, 
ауызша немесе жазбаша түрде ұсынылған коммуникативті іс-әрекеттің белгілі бір түрі». 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет