Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет75/83
Дата15.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#172607
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   83
Байланысты:
9 2 ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ (1)

SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
68 
мұғалімге оқушылармен бірге оқу процесін студенттерге тәртіптік әсер ету құралы ретінде 
пайдаланбастан талдауға үйретеді. Оқушылардың/студенттердің өзін-өзі бағалауы, 
олардың қажеттіліктері мен уәждеріне сүйене отырып, тілдік портфолионы көптеген 
мұғалімдер оқыту мазмұнын түзету үшін және ең бастысы студенттерге жеке көзқарас 
табу үшін қолданады [4; 22]. Оқушылардың басты коммуникативті серіктесі шетел тілі 
мұғалімі болып табылады. Мұғалім шет тілін қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде 
қолдана білумен қатар, оқу үрдісінде көптеген коммуникативті жағдайларды модельдей 
білуі қажет. Оқуға ұсынылатын материалдың ауқымды көлемі және оны меңгеруге 
бөлінетін сағат саны мұғалімдерді аудиториялық жұмысты ұйымдастырудың жаңа тиімді 
әдіс-тәсілдерін іздеуге, оқу үрдісіне танымдық белсенділікті дамытатын, ғылыми, зерттеу 
және практикалық мәселелерді шешуде коммуникативті құзыреттілікке қабілетті 
шығармашыл тұлғаны қалыптастыратын жұмыс түрлері мен формаларын енгізуге 
оқушылардың қызығушылықтарын арттыратын тапсырмаларды дайындауды талап етеді. 
Мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі мұғалімнің 
оқушылардың бойындағы аталған қасиеттің қалыптастыруға даярлығы болып табылады: 

мұғалімнің оқушылардың бойында бұл ерекшелікті қалыптастыруға, оның кәсіби 
жағдайын дамытуға, өзге ұлттардың мәдениетін танып-білуге, қызығушылықтың 
болуына, халықтар мәдениетінің мәнін білуге бағыттылығы;

оның теориялық және практикалық компоненттерінің өзара байланысында жүйелі түрде 
өзін-өзі жетілдіруі. 
Бүгінгі таңда бұл технология туралы әртүрлі қырынан қарастыратын көптеген 
әдебиеттер бар, себебі, бұл шын мәнінде, сан қырлы ұғым болып табылады. Ағылшын 
тілін де, басқа шетел тілдерін де рефлексивті оқытудың құралы болып табылатын тіл 
портфолиосының педагогикалық мүмкіндіктерін сипаттайтын көптеген материалдарды 
талдау оны оқушының өзіндік жұмысы аясында қолдану шетел тілін оқытудың жеке 
тұлғаға бағытталған сипатын дамытуға мүмкіндік беретінін айқындайды. Осының 
әсерінен оқушы үшін тілді ғана емес, мәдениетті де үйрену саласындағы нақты, жеке 
маңызды қажеттіліктерді ұғыну және жүзеге асыру үшін керекті жағдайлар туады. Шетел 
тілін оқытуда мәдениетаралық құзыреттілікті дамыту нысаны ретінде «тілдік портфолио» 
технологиясын пайдалану үшін зерттеу жүргізу барысында келесідей міндеттер 
қойылады:
1. Студенттердің басқа мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас жасау деңгейін анықтау;
2. Бастапқы, аралық және қорытынды тестілеу кезіндегі сандық өзгерістердің 
айырмашылығын анықтау және сипаттау;
3. Оңтайландыруды аттыру үшін қолданылатын оқу және сөйлеу материалдарының 
реттілігі мен күрделілік дәрежесін реттеу. 
Тілдік портфолио білім алушының өзі де, оқытушы да қатысатын тиімді жұмысқа 
ықпал етеді. Ол сондай-ақ тіл оқыту процесі үшін де, тіл үйренушінің мәдениетаралық 
құзыреттілігін дамыту үшін де құнды қолдау көрсете алады [5; 40].
Осылайша, тілдік 
портфолио білім беру технологиясы оқушылардың тілдік білімдегі жетістіктерін бейресми 
бағалауға мүмкіндік береді және мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді 
құралы болып саналады. Тілдік портфолио мәдениетаралық коммуникацияда 
оқушылардың жетістіктерін бағалау жүйесіне тәжірибені енгізу есебінен оқу процесінің 
шеңберін кеңейтуге жол ашады. Сонымен қатар, коммуникативтік қарым-қатынас 
деңгейін арттыруға және игерілген білімдері мен дағдыларын жүйелеуге септігін тигізеді. 
Оқытылып отырған шетел тілі елінің мәдениетін білу арқылы, шет тілін жоғары деңгейде 
меңгеруге, ауызекі сөйлеуге, түпнұсқалық тексттерді нақтырақ ұғынуға, коммуникативтік 
кедергілерді болдырмауға үйренуге болады. Бұл бүгінгі қазақстандық қоғамға әлеммен 
тиімді байланыс орнатуға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет