156
алып, ұрпағын аздыру, діннен аулақтату секілді империялық пиғылға
қарсы тұрды. Ақындардың барлық қабілеті ел-жұртының санасын оятуға
жұмсалды. Олар қауіп-қатерді, зорлық-зомбылықты алдын ала ескертті.
Зардаптарын күн ілгері тайға таңба басқандай етіп айтып берді.
Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» деген өлеңiнде Ресейдiң Қазақстан ды
жаулап алуы мен отарлауы кезiндегi қазақ хал қының ауыр жағ дайын
шынайы суреттейдi:
«Едiлдi тартып алғаны –
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойындағысының болғаны.
Маңғыстауда үш түбек
Оны-дағы алғаны.
Үргенiш пен Бұхарға
Арбасын сүйреп барғаны –
Қоныстың бар ма қалғаны?!
Мал мен басты есептеп,
Баланың санын алғаны –
Аңғарсаңыз жiгiттер,
Замананы тағы да –
Бiр қырсықтың шалғаны!»
Достарыңызбен бөлісу: