Ғылыми жобаның мақсаты мен міндерттері: Адамзаттың тарих 99,9% уақыты жазуы жоқ кезеңге келеді.Сондықтан соңғы
уақытқа дейін бұл мерзім белгісіз болып келеді. Ғалымдар, тіпті, адамзаттың
жазуы жоқ тарихын зерттеуге мүмкіндік жоқ деп мойындайтын. Бірақ, кейбір
ғалымдар бұған қанағаттанбай өздерінің ізденістерін бастады. Көне заманда
адамдар жерден еңбек құралдарға ұқсайтын заттар табатын оларды құдай
жасаған құралдар деп есептейтін. Бірақ, ғалымдар бұл заттарды адамдар
жасағанынын дәлелдеп, оларды еңбек құралдар есебінде пайдаланғанын
көрсетті. Көне заттарды зерттеп адамзат тарихын зерттеуге мүмкіндік ашты.
Осыны дәлелдегесін және зерттеу әдісін тапқан соң археология ғалым ретінде
қалыптасты “Археология» термині екі грек сөзінен тұрады: архайос-көне және
логос –ғалым. Ең алғашқы бұл терминді қолданған Платон болатын. Бұл
терминді Платон «көне заттар туралы ғылым» деп түсінетін. Кейіннен, XYIII
ғасырда, археология деп антикалық өнер тарихын атайтын. Тек қана біздің
дәуірде кәзіргі археологияның мағынасы қалыптасады.Негізгі тарихи
пәндердің арасына археология да кіреді. Бұл ғылым адамзаттың тарихын жан-
жақты қамтиды.Қалған ғалымдарға қарағанда, археология, адамзаттың
тарихын, адамның пайда болғанын, қоғамдық сана сезімнің шығуын,
толығырақ зерттейді. Біздің уақытқа дейін көне дәуірлерден қалған жазба
деректер өте аз сақталған. Заттай деректерді бәрі де жерде кездеседі. Заттай
деректерді зерттеу әдістері жазба деректерде зерттейтін әдістерден өзгеше
болып келеді. Осыны дәлелдегесін ғана, археология негізі тарихи
ғылымдардың біреуі болып есептеле бастады.Археология-тарих ғылымының
негізгі бір саласы, негізінде заттай деректерді зерттеу арқылы, адамзат
тарихының дамуын және осы дамуын және дамуының заңдылықтарын
зерттейді. Археологияны күрек пен бірге жүретін ғылым деп атайды.